"Ол - менің адамым": Айжан Байзақованың інісі қалыңдығының ислам дінін қабылдағанын айтты

Блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов үйленгенін әлеуметтік желіде жариялап, қалыңдығы туралы айтып берді.

https://www.instagram.com/lilbaess

Блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов үйленгенін әлеуметтік желіде жариялап, қалыңдығы туралы айтып берді. Сондай-ақ қалыңдығы биыл ислам дінін қабылдағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов үйленді. Жас жігіт сүйіктісімен түскен суреттерін Instagram желісінде жариялады.

"Мен 24 жасымда үйленемін деп ойлаған да емеспін. Әйелім биыл ислам дінін қабылдады. Ендеше, несіне созбақтап, қолайлы сәтті күтемін деп ойладым. Ол – менің адамым. Сені жақсы көремін, жаным", – деп Әлихан Байзақов. Жазылушылар жұпқа бақыт тіледі. "Құттықтаймыз", "Махаббаттарың баянды болсын", "Сендер әдемі жұпсыңдар, бақыт пен шексіз махаббат тілеймін", "Әдемі жұп", т.б. пікір жазғандар көп. 

 

Loading...