"Қараңғылық": Тоқаев Қазақстандағы қыз алып қашу оқиғалары туралы

Тоқаев Қазақстандағы қыз алып қашу оқиғаларын сынады

Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қазақстандағы қыз алып қашу оқиғалары туралы тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырауда өтіп жатқан үшінші ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндерді сынайды.

“Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс”, – дейді президент.

Тоқаев халықтың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі деп дәстүрлі исламды атайды.

"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар". Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек", – деп атап өтеді Қазақстан президенті.

Loading...