Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы өз-өзіне қол жұмсады

Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартқан

Фото: Ак Жайык

Бірнеше жыл Қазақстан премьер-министрі болған Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызының бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды журналист Михаил Козачковқа сілтеме жасап Qaz365.kz.

«Алматыда экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды деген ақпарат келіп түсті. Алдын ала нұсқасы - суицид. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Михаил Козачков.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те қаржы жымқырды деп танылып сотталған. Ал былтыр күзде босатылған болатын.

Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартқан.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Бақыт Ибрагимнің жаза мерзімін толығымен өтегенін, оның тергеу изоляторында болған мерзімі ескерілгенін хабарлаған.

Кәсіпкердің жеке өміріне қатсты мәліметтер аз. БАҚ оның әйелі Меруерт Ибрагим жайлы жазады. Меруерт Ибрагим – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы. Ол Buro24/7 басылымының басшысы. Кей мәліметтеге сүйенсек, Сағынтаевтың қызы екі баланың анасы. Екеуі кейін ажырасқан.

Loading...