"Ертегіден шаршамадыңдар ма?": имам уағызына ашуланған ер адам мүфтиятқа үндеу жасады (видео)

Сөзін имамдарды сынағысы келмейтінінен бастаған ер адам муфтиятқа үндеу жасады.

Видеодан скриншот

Видеоүндеуде ер адам өзіне шабуыл жасалғанын, жұрттың "имамдарға тиіспе" деген сөзінен шаршағанын айтады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Имам деген адам, адам деген тұлға, ол тұлғаға қарсы пікірімді айтсам, ол дінге қарсы шыққандық емес. Алла - ұлық, пайғамбар - пәк, дән - кіршіксіз. Мен айтсас бір тұлға туралы айтып жатырмын", - деген ол естіген уағызы туралы наразылығын білдірді.

"Бір сахаба ма, пайғамбардың сідігін байқамай ішіп қапты. Ана сідік мөп-мөлдір. Иісі жоқ. Мөп-мөлдір болғаны соншалық, шөлін қандырып ұйықтап қапты. Е, мынау қандай логика ей. О заман да бұ заман, адамның сідігі шөл қандырушы ма еді? Саналы адамға ертегі ғой мынау. Сонда немене пайғамбар туалетке барып шықпаған ба? Ыдысқа сиіп, сақтап қоятын болған ба? Қойсаңдаршы. Шаршамадыңдар ма осы ертегіден? Халық та шаршамайды екен ертегі тыңдаудан ше. Муфтия қайда қарап отыр?", - деген ол тәртіп керек екенін айтып,  халықтың уланғанын жеткізді. 

Сондай-ақ ол құлшылық дегеннің халықтың жоқ жітігін айтып, елдің мұңын жырлау дейді. 

"Желініп жатқан, ұрланып жатқан ақшаны айт. Қаңғып жүрген халқыңды айт. Жетім-жесір, қаңғып жүрген көп балалы отбасыны айт", - деп ашуға булықты qazaq_orkeniet парақшасындағы видеода автор.

 

Желі қолданушыларының басым көпшілігі оны қолдайтынын білдірген. 

"Өте дұрыс айтады", "Аңқау елге арамза молда дегендей болып тұр ғой", "Мүфтияттың имамдары ғой айтып жүрген" деп жазды олар. 

Loading...