"Өткенімді бетіме басқан жоқ, шексіз сүйеді”: Бұрын эскорт болған келіншек өз клиентіне қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді

Жақындары жезөкшелікке сатып, кейін өз еркімен эскорт қызметімен айналысқан келіншек өз өміріндегі қиындықтарын айтты.

Видеодан кадр

Ол Ред Айдана атымен белгілі сексолог-коучқа берген сұхбатында өзінің клиенті болған ер азаматқа тұрмысқа шығып, қазір бақытты екенін деп жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі не сілтеме жасап.

Эскорт қызметімен айналысқан келіншек өзінің аты-жөнін Анжела деп өзгертуді сұрады. Айтуынша, оны анасы 1 айлығында тастап кеткен, әкесі де қарамаған. Қыз нағашыларының қолында өсіпті. 

“Мектеп бітіргенше анамды көрмедім, қазір араласқанымызбен, аса жақын емеспіз. Нағашы әжемнің қолында өскен ерке қыз болдым. Тәртібі қиын бала едім, себебі ата-ана махаббатын көрмегендіктен, бұзықтық арқылы адамдардың назарын аударатынмын. 4 сыныпқа дейін бәрі жақсы болды, бірақ әжем өмірден өткен соң өмірім тозаққа айналды”, – дейді ол. 

Айтуынша, әжесі дүниеден өткеннен кейін анасының ағасы мен жеңгесі оны өз қолдарына алған. Анжеладан бөлек олардың өз балалары да болыпты. Десе де нағашы ағасы мен жеңгесінен қыз мейірім көрмепті, олар оны ұрып-соғып, үй тірлігіне салып қойған көрінеді. Ол өзінің мүлдем балалық шақты сезіне алмағанын айтады. 

“Кішкентай болсам да, мал бағып, даланың жұмысын істейтінмін. Сабақты ысырып тастап, үй тірлігіне салды. Таңғы 6-да тұрғызып, істеу керек бірнеше тапсырма береді: қора тазалау, жем-шөп беру, құдықтан су алып, тасу. Сабақтан келіп, қайтадан  үй тірілігіне кірісемін. Сыныптастарыммен ойнап көрмедім, құл сияқты болдым. “Неге қыздарыңа айтпайсың, неге басқалары істемейді?” дегенімде, үстіме ыстық су немесе мұздай су шашатын. “Тегін тұрып жатсың, енді тамақ пен киіміңнің ақысын төлейсің” дейтін”, – деді бұрынғы эскортшы.

Жетімдіктің қиындығын көрген қыз сол үйде бірнеше мәрте зорлық-зомбылыққа да ұшырағанын айтады.

“Үйде өзбек жұмысшы жүретін, бір күні өзі жататын ас үйге шақырып, маған тиісті. Ол кезде үйде ешкім болған жоқ. Маған жыныс мүшесін көрсетіп, ұстатып, азғындады. Шамасы, мені зерттеп, менің қараусыз жүрген жетім екенімді, ешкім мені  қорғамайтынын, сөзімді сөйлемейтінін білді де, осындай әрекетке барды”, – дейді Анжела. 

Ол жағдайды жеңгесіне айтқанда, ол сенбей, керісінше қыздың өзін сыпыртқымен ұрып, соққының астына алды дейді. Тіпті қыздың өзін кінәлап, “өзің тиіскен шығарсың” деген.

“Ол кісінің түрі әлі есімде. Көзі көк, өзі сап-сары, қабағы түйіңкі ер адам еді. Қазірге дейін сондай ер адамдардан әлі қорқамын. Себебі сол кез есіме түсіп кетеді”, – дейді экс-эскортшы.

Ал 7-сынып оқыған кезінде оны нағашы атасы зорлаған. Бұл кезде де қыз жеңгесінен көмек сұрағанымен, ол сенбепті, керісінше туыстарына мазақ етіп, қызды масқаралаған.

“Қанша жақын болса да, қыз баланы ер адаммен қалдырмау керек. Мен атамды қатты жақсы көрдім. Кейді өз-өзімді алдап, ол мені зорламады дегенге сенгім келеді. Осыны естіп, көрші ұлдар да зорлаған еді. Жеңгемнің қыздарының сыныптастары келетін. Олар 11-сынып оқиды. Мені атам зорлағаны оларға мазақ болып, екі ұл алдап, зорлап кетті”, – деді ол. 

Осыдан соң қызды жеңгесі “анаңмен табыстырамын” деген желеумен алдап, сексуалды құлдыққа сатып жіберген. Жеңгесі бір әйелді Анжеланы Алматыға апаруын сұрапты. Анасымен кездескеннен кейін оқуға да түсетінін айтқан.

“Анамды көремін деп аса қуанышпен барғанымда, көңілім су сепкендей басылды. Себебі ол “сені мен бақпадым, қызым емессің, қайт” деп итеріп тастады. Сол кезде қатты жыладым”, – дейді ол.

Артынша еріп жүрген әйел оны Сейфуллин көшесінде орналасқан притонға апарыпты. Қыз небәрі 16 жаста болғандықтан, мұның қандай жер екенін мүлдем білмеген де, түсінбеген де. 

“Ол мені “Сары Баха” деген танымал сутенерға сатты. Сейфуллиндегі қызғылт коттеджге апарды. Әлі күнге дейін сол көшеден өтсем, денем тітіркеніп, қорқамын. Үйге кіргенде, бойлары ұзын, биік өкшелі аяқ киім киген, қысқа эротикалық киімді қыздарды көрдім. Сол кезде ірі денелі, сары әйел келіп, “сен маған сатылдың, енді жұмыс істейсің” деп түсіндірді. Қарсыласудың мәнсіз екенін біліп, еш қарсыласпадым, өйткені бұрын да көндіге беретінмін. Бірінші рет шашы ұзын еркекке зорлатты, қарсылық танытқан кезде ол шапалақпен ұрып, талдыртты. Тұрғанда, зорланып қалғанымды ұқтым”, – дейді қыз.

Айтуынша, қарсылық танытқандарды есірткі қолданатын қыздармен жертөлеге салып тастайды. Ешкімді үйден шығармай, қамап ұстаған. Тіпті дүкенге де бармайды. Сондықтан ол 50/50 деген шартпен сексуалды қызмет көрсетуге келіскен. Себебі притонның ұйымдастырушысы ақша жинаса, оқу оқытамын деп те айтыпты.

Сөзінше, оның клиенттері 40-50 жастағы қалталы ер азаматтар болған. Бәрі дерлік отбасылы. Айтуынша, құлдықтағы қызды ер адамдар ұрып, талай зомбылық көрсеткен.

“Мен ол жерде өзімді қоқыс сезінетінмін. Көрсеткен қызметімді есептесем, 800 мың теңге болды. Бірақ олар мені оқытпайтынын айтқан соң сол жерден қашу жолын ойластырдым”, – дейді Анжела. 

Бір күні клиент болып өзінің қазіргі күйеуі келген.

“Ол менің кішкентай қыз екенімді түсініп, тиіспеді. Екеуміз әңгіме айттық, мен барлығын айтып, ақтарылдым, ол “көмектесемін” деп уәде берді. Коттеджге полиция боп келіп, мені алып кетті. Екеуміз полиция бөлімшесіне арыз жазуға бардық. Бірақ полиция оларды қорғайтын болып шықты. Менің қашып кеткенімді біліп, Баха менің үстімнен өтірік арыз жазып, маған іздеу салды. Полицейлер ауылға барып, мектепке келіп, менің жезөкшелікпен айналысатынымды, ұрлық істеп, қашып жүргенімді айтқан. Осы кезде мен еркектерден жиіркенетінмін, бәрі жаман деп ойладым, өлгім келетін сәт болды”, – деді бұрынғы эскорт қыз.

Бірақ бұл жолы қызды полицейлер тауып алыпты. Сол кезде қыз олардан құтылу үшін қулыққа басу керек екенін түсінген. Осы іске келіскендей болып, сенімдеріне кіруге тырысқан. Дүкенге шығуға рұқсат алғанын пайдаланып, алдында көмектеспек болған жігіт, яғни өзінің қазіргі жұбайына біреудің телефонымен қоңырау шалған. Бірақ құжаты, яғни туу туралы куәлігі әлі сол притонда қалып қойған екен.

Айтуынша, осынша қатігездік танытқан жеңгесінің бала-шағасы қазір бақытсыз, жағдайлары өте нашар, жолдары ауыр. Ол мұны өзінің көз жасының жібермегенінен деп санайды.

“Сексуалды құлдықтан шыққаннан кейін даяшы болып жұмысқа кірдім. Көп құрбылар таптым, оның ішінде біреуі эскортпен айналысатын. Мен де оған еріп, эскорт қызметіне кеттім. Өйткені жұмыс істеп қиналғым келмеді әрі мұндай тірлік маған үйреншікті боп кетті. Осылай сайт арқылы клиент табатынмын. Клиенттерім қалталы азаматтар еді, олардың ішінде маған сыйлық беріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағандар болды”, – дейді ол. 

Бір сарынды өмірінен жалыққан ол қазіргі күйеуіне жазып, өзі бірінші тілдеспек болыпты.

“Оны алғаш көргенде, “күйеуім осындай болса” екен деп ойладым. Соған жаздым. Оның сезімі болмаса да, өзім бірінші қадам жасап, оны баурап алдым. Ол денелі, бойы ұзын, сымбатты жігіт еді. Ал мен эскортшы болып жүргенде, ер адамдар нені ұнататынын, олармен қалай қарым-қатынас жасау керек екенін ұқтым. Сол әдістерімді пайдаландым”, – дейді Анжела.

Сөзінше, екеуінің арасында махаббат оянып, ол отбасы болуға ұсыныс жасаған. Бұрын эскортшы болғанын, жезөкшелікпен айналысқанын бетіне баспаймын деп уәде берген.

“Қазір қайын жұртым өткен өмірім туралы ештеңе білмейді. Бірде-бір ұрыста күйеуім өткенімді бетіме басқан жоқ. Ол мені шексіз сүйеді”, – деді ол.

Loading...