«Бопсалап жатыр»: Танымал журналист бұрынғы жігітін сотқа бермекші

«Маған бірдеңе болса осы жазбамды еске аларсыздар»

Ашық дереккөзі

Танымал журналист, блогер Анна Данченко бұрынғы жүрген жігіті туралы жазба жариялады. Журналистің айтуынша, екі жыл бұрын әлгі жігіт "ағамды емдетемін" деп қарызға ақша алған екен.

«Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұраған. «Екі аптадан кейін қайтарамын» деп. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана «анамның еміне қажет ол ақша» деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер-жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді» деп жазды журналист.

Сосын әлеуметтік желі арқылы өзіне құқықтық көмек көрсететін қорғаушы іздестіріп жатқанын айтты.

«Маған қазір анамның денсаулығы бәрінен де маңызды. Мен бұл ақшаны өзімнің маңдай теріммен, адал еңбегіммен тапқанмын. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, әңгіме кім туралы екенін жақындарым біледі. Сондықтан маған бірдеңе болса, осы жазбамды назарға аларсыздар. Менің бұл оқиғадан алған сабағым – ешқашан, ешкімге қарызға ақша бермеу керек екен» деп ренішін білдірді Анна Данченко.

Loading...