Ұстаның үйі

Бір ауданда есімі елге әйгілі, қолынан өнер тамған шебер ұстасы тұрады екен. Жұртшылық оның ептілігіне, өз ісін жоғары деңгейде орындайтын шеберлігіне таң қалысыпты. Әшекей бұйымдардан бастап үйінің қымбат мүлкінің барлығын сол шеберге сеніп тапсырыпты.

Oinet.kz

Бір күні ұстаның үйіне алыс бір елді мекеннен қонақтар келеді. Елге әйгілі шебер адамның даңқын естіген олар ұстаға көп тапсырыс беріп, дем ала тұру үшін үйіне кіреді. Алайда, ұстаның тұрып жатқан үйі қарапайым ғана кірпіштен соғылған төрт қабырғалы баспана екенін көрген олар, ақыры шыдамай:

- Сіз осы өңірге танымал керемет шебер ұста бола тұра осындай үйде тұрады деп ойламаппыз, - дейді. Сонда ұста:

- Иә, біз бұл жерде уақытша тұрып жатырмыз. Менің үйім ауылдың шетінде, әлі соғылып жатыр, - деп жауап береді. Шыдамаған қонақтардың біреуі қызығушылығы оянып:

- Онда ертең бізге сол үйіңізді көрсетсеңізші, - дейді. Ұста келіседі. 

Бұл түн қонақтарға ұзаққа созылып кеткендей, құдды уақыт тоқтап қалғандай, өтпей жатқандай болады. Олар ұста не де болса үлкен бір сарай соғып жатыр-ау деп ойлайды. Бірі: «қолынан келмейтіні жоқ адам ғой, шіркіін, ішін ең әдемі үлгіде, ешкімде жоқ өрнектермен әрлейтін шығар» десе, екіншісі: «ұстаның үйінің есігінің өзі ерекше үлгіде болатын болар...» деп әртүрлі ойға кетеді.

Сөйтіп, не керек, таң атып, қонақтар да, ұста да аман-есен оянып, реттеліп алған соң ауылдың шетіне шығады.

Қонақтардың бірі: «Ұста өз үйін елден алыс, тыныш жерге салғысы келген ғой» дейді ақырын ғана сыбырлап. Арада біраз уақыт жүргенде қырдың артынан ескі мола көрінеді. Сонда ұста сәл кідіріп:

- Міне, менің тұрағым - осы жер. Ал ана үйде уақытша тұрып жатырмын. Бұл дүниеде қалай өмір сүріп, қалай жүріп-тұрсам, ана үйім соған қарай соғылмақ, - дейді...

Иә, адам өмірі негізінен 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші: жасөспірімдік кезең. Бұл уақытта сенде уақыт та, күш те көп. Бірақ ақша жоқ.

Екінші: энергияға толы жастық кезең (бозбала, бойжеткен кез) Бұл уақытта күш те бар, жұмыс та бар. Бірақ уақыт жоқ.

Үшінші: кәрілік кезең. 

Сенде ақша да, уақыт та бар. Бірақ күш жоқ. Міне, бұл – өмір!

Біз үнемі өзгелердің өмірі қызық, бізден гөрі басқалар әлдеқайда бақытты деп ойлаймыз.  Өз өмірімізге көңіліміз толмайды. Бақытсыздыққа ұрынамыз. Алайда, бұған себеп болатын нәрсе - бір-ақ дүниені ұмытып кететініміз екен.  

Ол – жақсылықты дер кезінде көріп, бақытты сәтіңді бағалай білу!

“Сөйтсем бақытты болам”, “былай болған кезде ғана алаңсыз жүрем” деп ойлама. Осы сәтіңнен, осы қалпыңнан ләззат ал. Шаттан. Күл. Шүкірлік ет. Бағалай біл. Қарапайым бол! 

© Oinet.kz

Loading...