"Бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз": Шаһизада сүйіктісін жолықтырғанын айтты

Өнер иесінің биыл сахнада жүргеніне 40 жыл. Алайда әнші өнерде жолы болғанымен жеке өмірінде сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

Ашық дереккөздерден

Өнер иесінің биыл сахнада жүргеніне 40 жыл. Алайда әнші өнерде жолы болғанымен жеке өмірінде сәтсіздікке ұшырағанын айтты. ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Шаһизада өмірі мен өнеріндегі соңғы жаңалықтарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Махаббатпен сырласу” подкастына сілтеме жасап хабарлайды.

 “Өзім үшін өмір сүремін. Бірақ тұрмысқа шықпаймын. Әйел болғаннан кейін қасыңда сүйіктіңнің болғанына не жетсін?! Өнер адамдарының бәріне махаббат керек. Махаббат болса керемет әндер дүниеге келеді. Менің репертуарым да махаббат туралы әндермен толықты. Сахнада жүргеніме 40 жыл толуына орай концертте шырқалады. Дайындық басталып кетті. Ескі әндерді жаңартып жатырмын. Әнші болғаннан кейін жеке өмірімді әнмен бастап жатқаным ғой”, – деп бір құпияның шетін шығарды әнші.

Эстрада жұлдызының айтуынша, бүгінде сүйіктісін жолықтырған. Өзі мен өнерін сыйлап құрметтейтін ер-азамат барын жасырмады. 

“Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іссапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін. Мені жақсы көретін азаматты жолықтырдым”, – деп жеке өмірін айтып берді өнер иесі. 

 

Loading...