"Қарным шықпаса да, бетім шығып кетеді": Әнші Талғат Жорабаев не үшін камерадан қашуға тырысатынын айтты

Әнші Талғат Жорабаев соңғы уақытта камерадан қашуға тырысатынын айтты

Ашық дереккөздерден

Әнші Талғат Жорабаев соңғы уақытта камерадан қашуға тырысатынын айтты. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында бетінің толықтығы үшін комплекс пайда болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әндерім тоқтап тұр. Бос уақытта жазып, жарыққа шығып жатқаны бар. Бейнебаян әзір түсіріп жатқан жоқпын. Өйткені, кей жерге барсам, "Толып кетіпсің" дейді. Қарным шықпаса да, бетім шығып кетеді. Өзіміздің тұқым сондай. Бетімізге жинаймыз. Бетімнің толықтығына байланысты камерадан қашуға тырысамын. Сондай комплекс пайда болыпты. Былтыр 9 келі салмақ тастаған едім. Өкінішке қарай, қайта жинап алдым. Спортпен айналысып, тәбетті азайтатын дәрумен іштім. Нәпсі деген бәле болды ғой", – деді Талғат Жорабаев.

Loading...