"Мені табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңіздер": Мақпал Жүнісова концертке келген халықты күлдірді

Қазақстанының Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматыда жеке концертін өткізді.

Ашық дереккөздерден

Қазақстанының Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматыда жеке концертін өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Әншінің концертті таспалап тұрған оператор жігіттерге қарата айтқан әзілі жұртті еріксіз күлдірді.

«Мені табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңіздер. Осы Алматыдағы Көк базарға жиі барамын ғой, ол жердегілердің бәрі достарым. Олар «Мәке, қандай әдемі келіншексіз! Теледидарда жардай болып, семіріп тұрасыз» дейді. Баяғыда Зәкең де «Менің қатыным «нормальный» сияқты еді, теледидардан көрсем танымай қаламын» деп айтатын. Сондықтан құрметті концертті түсіріп тұрған жігіттер, мені бір сағатқа болса да, өз қатындарыңыздай жақсы көріп, әдемілеп түсірулеріңізді өтінемін», -  деді Мақпал Жүнісова.

 

Loading...