"Жағың түсіп қала ма?": Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімованың тілегі ел талқысына түсті

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады.

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса жеке парақшасында 35 жасқа толған туған күн иесіне арнап видео жүктеп, құттықтау жазба арнады. 

“Халықтың, сахнаның, ағайынның Қайраты, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін. Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!”, – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасынан салқынқандылықты байқаған. Тіпті, тілектің түбінде реніш те жоқ емес деп топшылап жатыр.  

“Менің Қайратым” деп жазсаң, жағың түсіп қала ма?!”, “Қайрат пен анасының арқасында танымал болдың”, “Күйеуіне реніші бар секілді”, “Сол күйі есеймей, анасының қасында жүр,”, “Қайрат жыл сайын туған күнін жалғыз өзі қарсы алады”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

 

Loading...