Ауыл жастары имамға көлік сыйлап, қажылыққа жолдама алып берді

Ол жаңадан салынған мешітке имам болып былтыр тағайындалған

фото: Созақ ауылының әкімдігі

Түркістан олысы Созақ ауылының жастары ортадан ақша жинап, ауылдық мешіттің имамы Сұлтанхан Рүстемовке жаңа көлік пен кіші қажылыққа жолдама алып берді.

Жиында ауыл әкімі, аудандық мәслихат депутаттары имамдарына қолдау көрсеткен тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында жұмыс істеп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып былтыр тағайындалды.

Айта кетсек, созақтық жастар бұған дейін ортадан ақша жинап, ауыл көшелеріне жарықтандыру бағандарын орнатқан болатын. Сондай-ақ мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.

Loading...