Сарыағашта әйел мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлап кеткен

Сарыағашта 51 жастағы әйел ұсталды. Ол мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысы ПД

Сарыағашта 51 жастағы әйел ұсталды. Ол мешітте төсеулі тұрған кілемдерді ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияға мешіт қызметкерлері хабарлаған.

"Аудан тұрғыны түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келген. Содан іште төсеулі тұрған екі бірдей кілемді үптеп кеткен. Полицейлер күдікті әйелден қолды болған айғақты заттарды тәркіледі", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тұрғынның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

 

Loading...