Қазақстандық теннисші әлем чемпионатында 6 дүркін олимпиада ойындарының жүлдегерін жеңді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германияға 2:3 есебімен есе жіберді.

Фото: Олимпиада комитеті

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германияға 2:3 есебімен есе жіберді. Құрама сапындағы екі жеңісті де Герасименко алып келді.  Кирилл алдымен әлем чемпионатында олимпиада ойындарының 6 дүркін жүлдегері Дмитрий Овчаровты 3:1 есебімен жеңсе, екінші ойында 4 дүркін Еуропа чемпионы Цю Данды 3:2 есебімен ұтты. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қатарында өнер көрсеткен Алан Құрманғалиев пен Айдос Кенжеғұлов қарсыластарынан ұтылып қалды.

Loading...