«БЕЙМЕЗГІЛ ЖЫРЛАР...»

Ерланов Әлижан Қуанышұлы - 2008 - жылы, 2 - желтоқсанда, Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан обылысы, Өскемен қаласының «І.Айтықов ауылы» мектебінде  бастауыш сыныпты тамамдап, 5 - сыныптан бастап «Абай обылысы Білім басқармасы ММ  «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатына» КММ  қабылданған.

«Жас Ұлан» Лицейінің 92 - топ Ұланы.

Жетістіктері:

Республиқалық «Мағжан оқуларынан» БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған.

Өскеменде өткен  «Мәңгілік Ел» додасынан ЖҮЛДЕЛІ 2 - ОРЫН ИЕГЕРІ атанған. Лицейішілік «Абай оқуларынан»  ЖҮЛДЕЛІ 2 - ОРЫН ИЕГЕРІ атанған.

«Хакім Абайға арналған өлең»  Сайысынан ЖҮЛДЕЛІ 2 - ОРЫН ИЕГЕРІ.

Республикалық «Ақберен» ЖАС ДАРЫН оқушыларға арналған Жобасының Обылыстық кезеңінен СЕРТИФИКАТПЕН марапатталған.

Республиқалық «Ілияс оқуларынан» СЕРТИФИКАТПЕН марапатталған. Өскеменде өткізілген «Талғат Бигелдинов» атындағы дарындар Сайысының СЕРТИФИКАТ  иегері атанды.

Семей қаласында өткен Облыстық «Тәуелсіздікке тағзым» жас ақындар жыр мүшайрасының 1 – ОРЫН ИЕГЕРІ.

Дарынды жас ақынның тағы басқа да Олимпиада - Конкурстардан көптеген жетістіктері бар. 

Әлижан Қуанышұлы - «Тастүлек» жас ақындар үйірмесінің талапты да талғамды шәкірті.  Өлеңге, аппақ мұнтаздай нәзік жаны қаршадайынан құштар. Бұл да, Жаратқанның бойға дарытқан ғажап сыйы болар. Содан ба, жас ақынның бойында жазба ақындық қасиеті тіптен ерекше. Өлеңді - сирек  талғап, толғап барып, ойланып бірақ жазады. Тақырыптық ауқымы да өте кең алапты.

«Беймезгіл» жыр жинағының авторы.

Ақындық айпара аппақ ғаламына ұстаздық ізгі ниетпен Сәттілік тілейміз!  

Жетекші - ұстаз: Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы

Семейім

Бұл өлкеде алыптардың ізі қалған.

Бұл өлкеге жұмбақ жанар қызығар жан.

Әннен, жырдан, перзенті алқа тағып,

Жүрек үнін тұңғиық үзіп алған.

 

Бастауындай тұнықсың өлеңімнің,

Асқағындай биіксің мерейімнің,

Дастаныңдай жырлаймын, рух тұтанып,

Аспанында шырақтай СЕМЕЙІМНІҢ!

 

Алашымның өзіңсің ордасы да.

Мақтан бізге, тағылым, ол да, сірә!

Асылдардың сөзіндей салмағы бар,

Басылғандай өшпейтін мөр - ғасырға!

 

«Киелі мекен» саятын төр - ұғымы.

Қасиетті саналған зеңгір жыры...

Кеудемдегі жұмыр ет жырлап өтер,

Семей деген жәннаттың жерұйығы!

 

Ұлылық шыңы

(Хакім Абайға)

Қалдырған өсиетін ұғып білдім.

Сөзі - тұма, бастауы - тұнық сырдың.

Абай - Хәкім, Әлемге шуақ шашқан,

Парасат  «ақыл нұрдың» шығып шыңын.

 

Киесі өзі қазақтың - данасы да,

Жыры  тұмар  тараған даласына.

Шыңғыстаудың бауырын жырмен тербеп,

Айналған ақындардың дарасына.

 

...Қалам сермеп жыр жаздым, баба, бүгін.

Қуатынан нәр алып қаламыңның.

Айдай  әлем мойындап, тағзым еткен,

Ғасырларға жалғасар сара жырың!

 

Домбыра

Үні есіп  құлағыма,

Даламның  күйін құйған.

Ән есіп  шанағынан,

Төгеді  күмбір жырдан.

 

Бабамның  саф  көзіндей.

Сарқылып  мұра  жеткен.

Бағзыдан  жетті  үзілмей.

Әсем күй жан тербеткен.

 

Сенде  ғой  бар  қазына,

Сөйлесін  тоғыз  перне.

Елімнің  мұң-зарына,

Қағып-ау,  қағыс  беу-ле.

 

Қос  ішегің  арман  жолы.

Сиқырлы  пернең  ұлық.

Домбырам, бабам - үні,

Тұр мәңгі  төрде  ілініп!

 

 

Ана тілім, ардағым

«Тілім сенің!»  құдіретің неткен деп,

Жүрек сырын оңашада шерткем көп.

Жұдырықтай жүрегімде жыр болып,

Төгілетін  дала - тілім көктем боп.

 

Бізге өнеге өткен күннің мұрасы.

«Сен, тілім ғой!» - ғасырлардың куәсі.

Батырлардың көзі едің расы.

Ақындардың өзің едің шұғасы.

 

 Ана тілім! Тұр кеудемде күйік боп.

Толғанамын, түндерде мен, жыр үттеп...

 Ана тілім, ардағым ең, асылым,

Абыройың асқақтасын биіктеп!

 

Ғарышкер

(Тоқтар Әубәкіровке арнау)

 

Қыраны қазағының қалықтаған.

Қайтпайтын рухы биік шарықтаған.

Тудырған азаматын туған елі.

Не деген қасиетті алып далам.

 

Атанып бала жастан құсқанатты.

Жұмсаған арманына күш - тағатты.

Жер әлем тамсады ғой,  Әубәкіров -

Зымыранмен ғарышқа ұшқан шақты.

 

Мақтанып, біз айтамыз, міне, осыны.

Жатыр-ау, шын қайраттың түгел сыры...

Сарырарқаның саңлақ ұлы, ғаламға ортақ,

Ашқан ғылыми жаңалық сын - ерлігі.

 

Самғапты ғарыштың да кеңісінде.

«Аңыз тұлға» - ол, рас, ел ішінде.

Халықтың Қаһарманы - Тоқтар ұшқыш.

Сый - құрмет бөлек оған сол үшін де.

 

Шыңында тұрған сынды бақ - үстемнің.

Жүректен тулап жалын жыр үстермін.

Қазақтың мәңгі жанған Шоқжұлдызы.

Құс жолы - жарық, әне, Ғарышкердің!

 

 

Сезім сыңғыры

 

Ғашықпын, мен, ғашықпын,

Көруге сені,  асықпын.

Ақын - жүрек  лүпілдеп.

 Сезімді бойдан  тасыттың.

 

Күндіз, түнде,  ұйқысыз.

Махаббатым шын кірсіз.

 Бірден мені  баураған,

Ғайыптан түскен сиқырсыз...

 

Періште дедім Өзіңді.

Мөлдіреген  көзіңді.

 Хат қып жазып, ұшырдым,

Айта алмаған  сезімді.

 

«Жас Ұланым» – мақтанышым

Салтанатты шеруім де -

Махаббатты - «Отан» білген.

Мархабатпен, сенің күнде -

Қатарыңда ер атандым мен.

Жас Ұланым - мақтанышым!

 

Тыныштықтың мысалындай,

От пен суға түсіп, күйем.

Рәміздерім, ұшпағымдай,

Көк туымды құшып сүйем.

Асылық емес, айтқаным шын!

 

Жас Ұландар, жас қырандар,

Жігері от, һас ұландар,

Тұғыр болған  туған елге,

Жүрегімде  асыл  ән бар.

 

Қазақ дана, азат дара,

Қорғаймыз біз ұлтымызды.

Кең байтақ жер, ғажап, қара,

Жанып намыс рухымызды.

 

Сарбаздары Жас Ұланның,

Сайболаттай берік мығым.

Жарқылдарын, жасындардың,

Көздерінен көріп тұрмын.

Loading...