Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 5-бөлім

Жұлдыз сөз айтпай, көздерімен ұзақ қарады, мен бір ауыз сөзсіз оның мені аяғанын білдім. Бауырыма басып, шашынан иіскеп, үнсіз отырдық. Біз үнсіз құшақтасып отырып жан дүниемізді түсіндік.

Ашық дереккөзі

Осы үнсіз отырған 10-15минут біз үшін бір ғасырдай болды. Мен де, Жұлдыз да ауыр жүкті тастағандай болдық. Мен мәңгіге осылай үнсіз Жұлдызды құшақтап отыра беруге дайын едім, Жұлдыз құшағымнан шығып, көзін төмен салып:

— Кешірші,-деді.

— Айналайын-оу, сен неге кешірім сұрайсың?--дедім қолдарын ұстап.

— Еркебала, біздің бір-бірімізге айтарымыз жетерлік..., Ммм, қалай десем болады, біз бір дертпен ауыратын науқастаймыз, өмір жолымыздың ағымы әкеліп бір салаға құйды,-деп қолын тартып алды да, көздеріме қарап:

— Біз мықты болуымыз керек, біз сынбауымыз керек. Мен бір сындым, үзіліп кетпей қайта дүзеліп келем. Аллам күш берсе, балаларым үшін жеңіп шығам, -деді басын көтеріп.

Мен не қолдарымды білмей, не қолдамасымды білмей мелшиіп отыр едім:

— Еркебала, басыңды тік көтер, еңсеңді тік ұста, сен еркек емессің бе! Қайта сен білгенде екеуі бірігіп көзден аулақ кетті, ал мен білгенде олар мені мазақтап, қорлап жүрді ғой. Семсер маған аузына келген сөзді айтып, Құралайдың менен қаншалықты артық екенін көзіме шұқумен болды ғой. Мен балаларымды босанған соң толып кетіп едім, сол толықтығымды бетіме басып, түрлі сөздермен балағаттайтын. Арықтаймын деп мен асқазанымды құрттым. Олар мені адам құрлы көрмеді. Неше рет мені үйден шығарып жіберіп, менің төсегімде қатынаста болды, мен жер болып бір бұрышта жылап отыратынмын. Семсер әрдайым маған аузымды жауып жүруімді ескертіп, өзі қалаған уақытта мен қаламасамда зорлағандай болып қатынасқа баратын. Еркебала, мен мың өліп, мың тірілдім, айта берсем тауыса алмаймын. Семсер ақшаны уыстап ұстап байыған соң, Құралай екеуі сыртта кездесіп жүрді. Мен тіс жарып жан адамға айтпаған соң, ешкім білмеді. Олар сөзден, ауыл адамдарынан, ағайын-туыстан, әке-шешемізден сескенді. Орта қалай қабылдайды деген ой екеуінде де болды. Ал мен оларға адам емес едім. Семсер, мені іздеп жүріп әдейі тауып қосылды, оған дәл мендей бейшара керек еді, басында жастығыма онда бір ұшқын, сезім болған шығар, бірақ ол ұшқынды Құралай тез өшірді. Семсердің айтуынша оларда елде жоқ ыстық махаббат....,-деп тоқтап, стақанға су қуйып ішті.

— Еркебала, мен осының бәрін шыдап жеңіп шықтым, енді аз шыдасам ажырасам, бұл азаптан құтылам. Ал сен ондай азапты көрмей бірден құтылдың, Аллам сақтап, жаның қалды, Аллам саған да, маған да екінші өмір сыйлады, енді сол өмірімізді абыроймен, беделмен, бақытқа бөленіп, балаларымыздың қуанышын көрейік,-деп қолымнан ұстап сәл жымиды.

Мен басымды изедім.

— Біз енді сынбаймыз,--дедім сенімді.

— Иә, дұрыс, сынбаймыз,-деп құшақтап арқамнан қағып:

— Мен барайын, көп отырып қалдым, мына жерде термоста ыстық сорпа бар, дәм әкелгем, сен астанып ал, аз күнде шығарады, басыңды тік ұстап ,батыл бол,-деді де тез шығып кетті.

Мен бөлмемде қалып Жұлдыздың мықтылығына таң қалдым.

"Жаным-ау мен сені сүйемін ғой, сен үшін өмір сүрем",-деп іштей айттым.

Екі күннен кейін мен ауруханадан шықтым. Үйге келіп анамның қасында болдым. Балаларым төртеуі де "Папа"-лап қасымнан кетпейді. Мен оларға қарап алғашқы күндері қайсысы менің балам, ананың қай жері кімге уқсайды деп зерттедім де, сосын: "Жоқ бұл төрт бала да өз балам",-деп бөле алмадым. Жүрегім әр қайсысына да езіліп тұр, ешқайсысын Семсердің ұлы, болмаса қызы дей алмадым. "Бұл балалар тек менің балаларым, болды",-дедім. Ауылда өсек бола ма десем тыныш, хал сұрап келгендер де:

— Ойпырмай, қандай оңбаған екен саған тап болған, бір ажалдан қалдың,-деп кетіп жатты.

Бауырларым да аң-таң, не болғанын біле алмаған күйлері жүр. Әкемнің қырықын атқардық, Семсер де Құралай да аяқ баспайды. Үлкен ұл, қызым аналарын іздеп базарға, пәтерге барғандарын айтты. Құралай шетелге қыдырып кетіпті деп естіпті. Сонымен арада үш ай уақыт өтті. Мен есімді жиып, жұмысымды істеп жүрмін. Соттан қағаз келіпті, ажырасуға мен арыз жазған едім, Құралай келісім беретін болып, сот күні белгіленіпті. Осы үш айда Семсердің әкесі күнде келіп әкеме құран оқып, анасы анаммен сырласып жүрді. Олар дала безер болған ұлдарына көндігіп, тек тілеуін тілеп отыруға үйреніп кеткен. Жұлдыз болса баяғы қалпына түсіп балаларын қарап, ата-енесін күтіп, екі ұлын мәпелеп жүріп жатты. Мен сол әдетімше көз қырымды бір салып қойып, бақытқа бөленем. Сот болған күні ауданға бардым. Сот залында Құралай көп нәрсеге дәмелі екенін айтты. Үйден, жерден өз үлесін сұрады. Ал үй де, жер де әкемнің атында еді, енді анама тиесілі. Оған түк те бұйырмайтынын біліп қатты ашуланып, ажырасудан бас тартты. Бізге үш ай татуласу мерзім беріп, сот залынан шығарды. Мен ашудан жарылардай болып:

— Мәәә, қара бет, сенде ұят жоқ екен, -дедім.

Құралай мысқылдай күліп:

— Үш айда кім бар кім жоқ, анаңның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде отыр ғой, -дейді.

Ұрып жібере жаздап өзімді әрең ұстадым. Басымды шайқадым да, кетіп бара жатыр едім:

— Әлі Жұлдызға көзіңді сүзіп жүрсің бе?-дейді.

Мен жалт қарап едім.

— Не? Мені білмейді деп жүрсің бе, сүмірейіп сілекейің шубатылып, көзіңмен жүз шешіндіріп, жүз киіндіріп отырушы едің ғой, мола, сен еркексің бе, байлауда тұрған өгіз, сенің қасыңда сол өгіз мықты арқанын үзсе де өз ісін тындырады. Сен моласың....,-дегенде шапалақпен салып қалдым да кеттім.

Шыны керек қашқандай кеттім. Бұл бәлеге жоламай, ластанбай аулақ кетейін деп тез кетейін, артыма қарамай кеттім.

— ЕЙ, КЕНЖЕ, СІЛЕКЕЙІҢДІ АҒЫЗБАЙ АНА БЕЙШАРА ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАНДЫР, БЕЛІҢ БОСАСЫН,-деп айқайлап артымнан қарқылдап күліп Құралай қалды.

Не деген жиіркенішті еді. Анама, балаларыма ажырасатын тұралы айтпадым. Арада бір ай өткен болатын. Кеш бата үйге үш бөтен адам кіріп келді. Амандасып, хал сұрасып болған соң:

— Біз қаралы хабар әкелдік, бүгін Қорғас- Алматы жолында жаман жол апаты болып, келіндеріңіз Құралай тіл тартпай қаза тапты,-деді.

Басқалары қандай күйде болғанын білмеймін, мен үлкен жүктен құтылғандай болдым. Анама өлім тілеген Құралай өзі өлді. Шыны керек балаларым сондық қайғырып, аңырап жыламады. Үлкен қыз ғана біраз күйзеліске түсті. Мен мәйітханаға барып Құралайды анықтап сыртта тұрғанда аурухана алдында Жұлдыздың тұрғанын көріп, қасына жүгіріп бардым. Ол мені көріп шошығандай болды да:

— Құралай да осында ма?-деді жылдам.

Мен басымды шайқап:

— Ол мәйітханада, анықтап шықтым, -дедім.

Жұлдыз аузын қос алақанымен жауып шоши көзіме қарады. Жастары ағып, аурухананы көрсетіп:

— С с с Семсер ауыр халде, ота жасалып жатыр,-деді де сәл теңселіп кетті.

Шап беріп ұстап алдым да, орындыққа отырғыздым.

— Жұлдыз, жарығым, сен өзіңе бекем бол, Семсер аман қалса аман қалды, аман қалмаса ажалға араша бола алмаймыз, -дедім.

Жұлдыз терең демалып басын изеді, Семсердің туыстары да келген екен, бірі жылап, бірі маған көңіл айтып шұрқырап кетті. Мен отаның аяқталғанын күтпей өз шаруаммен кеттім. Құралайды жаназасын шығарып, жерлеп, үйге келгенде, Семсердің анасы-әкесі, Жұлдыз келіпті.

— Баламның жаны қалды, Аллама мың шүкірлік, сендер бекем болыңдар, жазмыштан озмыш жоқ,-деп Семсердің әкесі егіле жылады.

Мен іштей "Ей Семсер сен де неге өле қалмадың, ей оңбаған, енді сен қай бетіңмен Жұлдызға қарар екенсің?",-деп ашуландым.

"Жұлдызым-ай маңдайыңның соры бес елі екен",--дедім.

Айтқаным айдай келіп, Семсер төсекке таңылып жатты. Оны қарап, баптап, жуып-шайып жүрген Жұлдыз. Қыс түсіп аязды күнде мен қал сұрап Семсерге әдейі кірдім, оның жатқанына төрт ай болған. Мен кіргенде Семсер қипақтап теріс қарағысы келді, мен жақын отырып:

— Иә, ешкімге керек болмай жатсың ба? Неге өле қалмадың, арсыз,–дедім.

Ол көздері жыпылықтап тілсіз жатыр.

—Сен арсызды Құдай да керек қылмаған ғой. Тек Жұлдызға обал болды, сені жуып-шайып, баптап қарап отыр. Мен Құдайдан сенің тез өліп қалғаныңды сұраймын, мына азаптан Жұлдыз құтылса екен,–дедім қолын ауырта қысып ұстап.

Семсер көзін жұмып алып ашпады. Мен шығып кеттім. Бар байлығын жұмсап, бар ақшасын жинап, Алматыға барып ота жасатты, еш өзгеріс болмады. Бар байлығынан айырылған соң жалпаңдаған дос, туысы тиылды.

Төрт жыл өтті біз де елуге таяп қалдық. Менің анам да, Семсердің әке-шешесі де қайтыс болды. Жұлдыз Семсерді тастамай қарап жүр. Ата-енесін арулап көмді, бар шаруаны бір кісідей атқарды. Семсер жылдан жылға нашар болып, өздігінен сасып, іріңдеп, шіріп жатты. Қанты жоғары екен, жаралары жазылмай іріңдей берді. Мен кейде барып жуындырып та жүрдім. Екі ұлы енді ер жетті, зілдей Семсерді көтеру ауыр ғой. Мен барғанда Семсер тістеніп өзін жеп жатады. Ол сөйлей алмады. Жұлдызбен әнгімелесіп шай ішіп отырып қалсам, Семсер бірдеңені құлатып болса да Жұлдызды шақыратын. Жазда даладағы тапшанға жатқызып қойып шаруа жасаймыз. Жұлдыз екеуміз сырлас болып алдық. Тым жақындаспасақта бірге шай ішіп, балаларды айтып, болашаққа жоспар құратын болдық. Бәрін естіп Семсер жатады. Мен Жұлдыз екеуміздің арамызда сыйластықтан артық ештеңе болмайтынын білдім. Ол жас, ол енді ғана қырыққа келеді, мен елуге аяқ бастым мен есейіп кеттім, махаббат деп жалындай алмаймын деп ойладым. Бір күні тапшандағы Семсерді үйіне кіргізіп беріп, өзім үйге кеттім. Жұлдыздың ұлдары ер жетіп қалған, би кеші деп кеткен болатын, менің кіші ұл, қызым да сол би кешіне кеткен. Жазғы бір бөлмелі шайханада жатқам, жылап Жұлдыз кіріп келді, білегін мықтап ұстап алған, қан ағып тұр. Шошып кеттім. Қолын қарасам терең кесілген.

— Не болды, қайда кесіп алдың? -десем, өкіріп жылап:

— Семсер, Семсер-деді.

— Семсерге не болды?,--дедім шошып, соған жүгірмекші болып.

— Барма, ол аман, барма,-деп Жұлдыз дір-дір етеді.

Білегін жуып дәкемен мықтап байлап, саусағы да тілініпті оны да таңып бердім.

—Ал енді айтшы не болды?--дедім.

— Еркебала, сен ақырын барып қарашы, Семсерге не болды екен? Ол жердегі қан менікі, сен көріп келші, сосын айтам,-деді үрейлі дауыспен.

Мен Семсердің үйіне барсам ол шалқасынан жатқан күйінде жатыр, танауы делдиіп, жиі тыныс алып, тістеніп алыпты. Қасына бардым, көзімен мені жердей атыла қарайды.

— МЫНАУ ЖЕРДЕ НЕ БОЛҒАН? ЖҰЛДЫЗ ҚАЙДА?–дедім даусымды шығарып.

Семсер тістене пысылдап ештеңе айта алмай қозғалатын қолымен жарды ұрып-ұрып жіберді.

—Семсер, Жұлдыз қайда деймін?–дедім.

Семсер тістерін шықырлата көзіме тура қарап ойланып қалды.

— Мына жердегі не қан?

Оның сөйлей алмайтынын біле тұра әдейі сұрақ қойып тұрмын. Жан жағыма қарап, оны қараған болып сипалап едім, ол бір қолымен мені бар күшін салып итеріп жіберді. Мен Семсерге жиіркене қарап:

— Семсер, Семсер, саған құдай адал жар берген, Жұлдыз періште ғой, әттең маған сондай жар неге бермеді екен? Мен Жұлдызға қанша ыңғай білдірем, ол көнбейді ғой көнбейді, ол ақ қой, ол пәк қой,-деп күрсініп әдейі айттым.

Семсер терең күрсінгендей болды?

— ҚАЙДА ЖҰЛДЫЗ? АЙТ ЖАНЫҢНЫҢ БАРЫНДА,–деп, жағасынан қыстым.

Ол сабырлы тыныш жатыр.

— МЫНА ҚАН НЕ? ҚАЙДА ЖҰЛДЫЗ ДЕЙМІН?-деп тағы бақырдым, ол тіпті езу тартты, мен шығып кеттім.

Терезеден қарасам тыныш жатыр. Тез Жұлдызға келдім.....

5-бөлімнің соңы, жалғасы бар

Авторлық құқығым қорғалған, руқсатсыз көшіруге және ютупқа аудио кітап оқымаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

 

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 1-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 2-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 3-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 4-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 5-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 6-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 7-бөлім

Қоштаспайықшы, сырласайықшы... 8-бөлім

Loading...