Тоқаев Мади Такиевті қаржы министрі қызметіне тағайындады

Мади Такиев қаржы министрі лауазымына тағайындалды

stan.kz

Мади Такиев қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарған еді. Қаржы министрлігіне жаңадан келген басшы Мади Төкешұлы Такиев парламент мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 

Ол 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.

2000-2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.

2008-2009 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2009-2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары – салық комитетінің басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 жылы – премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.

2014-2017 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары – Ұлттық экономика вице-министрі. 2020-2023 жылдары – Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған парламент мәжілісінің депутаты, парламент мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, парламент мәжілісіндегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі.

"Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен (2014), "Құрмет" орденімен (2021), сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.

Ал Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды. Ол 1969 жылы 22 шілдеде дүниеге келген.

1993 ж. – Мәскеу энергетикалық институтын "Жылуфизика" мамандығы бойынша бітірген.

1997 ж. – Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "қаржы және кредит" мамандығы бойынша бітірген.

2013 ж. – Халықаралық бизнес академиясын "менеджмент" мамандығы бойынша бітіріп, іскери әкімшілдендіру магистры атағын алған.  

Loading...