Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Нұр бес баласының басын қосты

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота Нұрабайқызы ұлдарының сүндет тойын жасады

Бейнежазбадан үзінді

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов пен әнші Ақбота Нұрабайқызы ұлдарының сүндет тойын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Сондай-ақ тойда Дәуреннің анасының мерейтойын да қоса тойлаған. Бұрынға енесіне тілек айтқан әнші өзін келін емес, осы үйдің қызындай болып кеткенін жеткізді. 

Мен бұл үйдің қызы болып кеттім. Қазір көбісі түсінбей отқан шығар. Көкейдегі сұрақтарыңызға үйге барып ойланасыздар. Ең бастысы мен сізді жақсы көремін. Аман болыңыз, - деді әнші.

Енесі өз сөзінде Ақботаға деген көзқарасын айтты.

Мен қалай Ақботаны жек көремін. Қалай ғана жамандаймын. Ол Дәуреннің қайтыс болған ағасы Жомарттың копиясын жасап, Ибрагим атты ұлды сыйлады, - деді ол.

Сонымен қатар барлық бес баланың басын қосқан отағасына рақметін айтты.

Шүкір Аллаға, бір-біріне бауыр болсын, дос болсын деп барлық баланы бүгінгідей қуанышқа алып келген жайымыз бар. Өмір солай болды. Дәурен екеуміз қазір бөлек болсақ та, ортамызда достығымыз бар. Дәуреннің де бес баласы, менің де бес балам бар, - деді әнші.

Loading...