Семейде ірі киім базарларының бірі өртеніп кетті

Семейдегі “Ақшын” базарынан өрт шықты

stan.kz

6 ақпан күні сағат 03:00 шамасында Семейдегі “Ақшын” базарынан өрт шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Арнайы техникалар кедергісіз өту үшін қала орталығындағы бірнеше көше жабылды.

“Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ басқа да оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызмет етіп жатыр”, – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.

Loading...