Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағалиевтің мерейтойында айтқан естелігі елді күлдірді

Қазақ эстрадасының белді өкілі Сембек Жұмағалиев 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті.

stan.kz

Кештің құрметті қонағы болып барған Мақпал Жүнісова жас күніндегі біраз естелік айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халық әртісі әріптесінің 60 жылдық мерейтойында сахнада тұрып, аяғын сындырып алған. 

“Бұл кісінің мерейтойларының бәрінде мен сәтсіздікке ұшырап жүремін. Бүгінгі Алматыдан астанаға ұшып келейін деп тұрған рейсім ұшпай қалып, тойға әрең үлгердім. Қызым Мерейге “аман барып, аман келейін” деп кеткен едім. Өнерде жүргенде талай қызық болды. Атырау қаласында Секеңнің 60 жасында үлкен концерт өтті. Сахнада тұрып аяғымды сындырып алғаным есімде. Туфлимнің өкшесі сахнаның ағашына кіріп кетіп, оқыстан тобығым сынып кетті. Сахнадан ақсаңдап әрең түстім. Менің ақсамдап бара жатқанымды көрген залда отырған сынықшы сахнаның сыртына іздеп келіп тұр. Бір бөлмеге кіргізіп алды да, аяғымды сипалап отырып, басып қалып еді, тобығым орнына түсті. Грим  бөлмесіне жетем дегенше күмп болып ісіп кетті. Жаным көзіме көрініп, шыңғырып жатсам, Сембек “Мақпал қайда?” деп сұрағандарға: “Грим бөлмесіне бір еркек кіріп кетіп еді, сол шыңғыртып жатыр” депті. Сол сөзі әлі есімнен кетпейді”, – деп еске алды әнші. 

Талай ғашықтың махаббат ұранына айналған "Ғашықтар жыры" белгілі әншілер тарихын да айтып берді. 

“Бұл әнді ақын Шөмішбай Сариев пен композитор Кеңес Дүйсекеев бірлесіп жазған. Қос өнер иесінің ұлы одағынан туған әнге қырық жыл толады”, – дейді мерейтой иесі.

“Осы әнді шырқағанда бізді үйлендіріп қойған. Бір концертте “Сембектің қызы, менің жігітім бар” деп айтып салғаным есімде. "Гүлдер" ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев Кеңес Дүйсекеевті шақырып: “Қос дауыста айтатын дуэт айтшы” деп қолқа салған. Бұл сөзден кейін сазгер "Ғашықтар жыры" әнін жазып, кейін Шөмішбай Сариев сөз жазып берген”, – дейді Мақпал Жүнісова. 

 

Loading...