Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлаған - Ішкі істер министрі ақпаратты растады

Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады

Ашық дереккөзі

Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлаған,- деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматыда екі полиция капитаны 14 жасар жасөспірім қызды зорлағаны туралы фактіні растай аласыз ба? Бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?”, – деп сұрады журналистер министрден.

“Өкінішке орай, бұл факт орын алған. Бұл қылмысты жасағандар қазіргі уақытта – бұрынғы қызметкерлер. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, бұл адамдар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар да қамауға алынды”, – деп жауап берді Ержан Сәденов.

Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын жеткізді. "Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?" деген сұрақты ішкі істер министрі растады.

“Ия, мен растаймын”, – деді министр.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі "Зорлау" бабы бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Loading...