АУДАРМА  ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ  ДЕМ  БЕРУШІСІ

Семей рухани астана деп тегін аталмағандығын қаламыздағы Достоевский атындағы музей танытты.

Ашық дереккөзі

Танытты дегеніміз – облыс орталығындағы жас ақындар арасында оқ бойы озық тұратын дарын Ерік Қайратбекұлы қазіргі қазақ аудармасының проблемалары мен болашағына қатысты «МЕНІҢ ЖАНЫМ ӨЛЕҢНЕН ДЕМ АЛАДЫ» атты шығармашылық кездесуін өткізді.
Осы кездесудің өтуіне аталған музейдің басшылығы  мұрындық болды. 
Кездесуге қаламыздың
N 36 және 22 мектептерінің ұстаздары және онымен бірге өнерге талабы бар жас өркен шәкірттер де қатысты. Осы шығармашылық кездесу барысында дарын Ерік Қайратбекұлы белгілі әдебиеттанушы Әбіл-Серік Әбілқасымұлымен бірлесіп «Құнанбай қажы атындағы Алаш аудармашылар одағы» қоғамдық қорын құрғанын мәлімдеді. Және осы шығармашылық кездесуге қатысушыларға Ерік Қайратбекұлы аталған қорды құрудағы мақсатын кеңінен түсіндіріп өтті. 
Осы кездесуде талантты ақын өз аудармаларын орыс және қазақ тілдерінде оқыды. Оқыды дейтін себебіміз Ерік полиглот аудармашы болғандықтан, көзіміз үйренген орыс тілін былай қойғанда, қырғыз, әзірбайжан, түркімен, өзбек және түрік пен ағылшын тілдерінен тікелей аударма жасайды. Бұған дәлел ретінде кезінде Ерік оқыған Университетте Орыс тілі мен Әдебиетінен сабақ берген рухтас әрі өлең мен өнердегі жанашыр мұғалима апайы Евгения Станиславовна Рыбченко- Демьяненко өз шәкіртінің авторлық аудармасындағы төл туындысын оқып беріп, оған терең әдеби талдау жасады.


Қатысушылар өтінуімен сахнаға шыққан аудармашы ақын ертерек және кейінгі жазған өлеңдерін оқып, жас талап ақындардың қойған әр қилы сұрақтарына жауап берді. Кездесу қыза түсіп, N 36 және 22 мектептің өлеңге бейімі бар оқушылары өз шығармашылықтарын сахна төрінен паш етті. Біз жас болса да бас болған Ерікке аударма саласын дамытуда шың биіктен көруінуі үшін тек толағай табыс пен шалқар шабытты шығармашылық бақыт тілейміз.


Сана Сарсембекова, 
«Ф.М.Достоевский» атындағы әдеби-мемориалдық музейінің экскурсиялық-көпшілік жұмысы секторының меңгерушісі

Loading...