Білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдері

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ашық дереккөзі

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың қазіргі жайын, болашағын және оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.

         Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ғылыми-әдістемелік базасы дамып, қасиетті қара шаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатып келе жатқанына да 40 жылға таяп қалды. Бұл кафедра шетелдік жастарға тіл меңгертіп, тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Ұзақ жылдар бойы кафедрада педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды.

            Дөңгелек үстел барысында шетелдік студенттердің тілдік дайындықтарын оңтайландыру, шетелдік тыңдаушылардың сөйлеуін дамытудағы икемділік пен дағдыларын жетілдіру жолдары және қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудағы халықаралық аудиториядағы халықаралық коммуникация, шетелдік аудиторияда тыңдалымға оқыту, оқылымға оқыту технологиясы, халықаралық мәдениет парадигмасындағы коммуникацияның рөлі жайлы мәселелер талқыланды. 

         Бұл дөңгелек үстел көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды.
Барлық дөңгелек үстелге қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Онда қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде шетелдік тіл үйренушілерге оқытудың тиімді жақтары, осы бағытта дайындалған жаңа инновациялық технологияларды қолданудың, кәсіби бағдарлық оқытудың жүзеге асу жолдары сөз болды. 

Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Дөңгелек үстел барысында өзекті де ауқымды мәселе талқыланып, мамандар ой-пікір алмасты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

А.Е. Саденова, А.С. Айтпаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрас

Loading...