Конституция күні Абай облысында 10 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды

Абай облысында көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар Шар қаласынан жаңа баспананың кілтін алды

ҚазАқпарат

60 шаршы метрлік пәтерлерде барлық жағдай жасалған. Бөлінген аумақ қосалқы шаруашылықты дамытуға ыңғайлы.

Келешекте қаланың осы бөлігінде шағын аудан құру жоспарланып отыр, онда осы үлгідегі тұрғын үй құрылысы жалғасады.

Қала тұрғыны, көпбалалы ана, күміс медаль иегері Айгүл Қайраханова, сондай-ақ «Жарма Құрылыс-Газ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Динара Исабаева қатысушыларға алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Айта кетейік, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қалада 5 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар жаңа пәтерге ие болды.

Loading...