Автобус жолаушыларын аман алып қалған оқушыға Алматы облысының әкімі соңғы үлгідегі iPhone сыйлады...

Ержүрек оқушы марапатталды

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өзінің әрекетімен ауыр оқиғаның алдын алған 8-сынып оқушысын құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде әкім жас батырды құттықтап, «Алғыс хат» пен iPhone 15 телефонын сыйлады. Ақжол №24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқиды.

«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз!» – деді Алматы облысының әкімі.

Еске салайық, 22 қарашада мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды.  

«Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ, бақытымызға орай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген», – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінде.

Loading...