Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Бас прокуратура жаңа мәліметтерді ашты

Ведомство нигериялық азаматқа қатысты істі тергеп жатыр

Фото: Сұңқар Нұрмағанбетовтың Facebook парақшасынан

ҚР Бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, полицейлер контрабанданы ұйымдастырушы деген болжамды нигериялық азаматқа қатысты істі тергеп жатыр, ол қазақстандық әйелге елдер арасында заттарды тасымалдау арқылы ақша табуды ұсынған. Оның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылдай уақыт өтті. Бірақ күдікті Қазақстанға экстрадицияланбайды.

"Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунға қатысты қылмыстық іс "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау" бойынша тергеліп жатыр, сол себепті іс өте ауқымды", - делінген хабарламада.

Дипломатиялық арналар арқылы оны экстрадициялау туралы өтініш Нигерияның құзырлы органдарына жіберілгені атап өтілді.

Loading...