"Зейнеткер әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан": Шығыс Қазақстан облысында сот төрағасы бұзақылық жасады деп айыпталды

Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы бұзақылық жасады деп күдікке ілінді

stan.kz

Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы бұзақылық жасады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпаратты облыс прокуратурасы растады. Тергеу мәліметтері бойынша Ерболатов әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан.

15 қарашада таңғы бес жарымда полицейлер күдіктіні ұстады. Прокуратура судьяға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы екінші бөлігінің екінші тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

“Қылмыстық-процестік кодексінің 550-бабымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берілді. Қазір ШҚО полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді ШҚО прокуроры Аймат Байшолақов.

Loading...