Таптым-ау сені. 4-бөлім

Ол отырған орнынан сәл көтерілді де, қайта отыра қалды. ---Сәлем, сен есіңнен адасқансың ба? Мына жағада не істеп жүрсің? --дедім қатал дауыспен. ---Өзің не істеп жүрсің?-деді даусында діріл бар. ---Өзің қорықпайды екенсің. ---Сен негізі шошыттың....

Ашық дереккөзі

--- Сен шошы, қорық. Қалай қорықпай мына бетте жалғыз отырсың? Мен осы ауылда туып өстім, бұл жақты жақсы білемін, қай жерде жүрсемде жүрген жерім таныс, ал сенікі өте қате жүріс, --дедім қасына жайғасып.

---Суға шомылуға келгенбіз, топ балалар қаптап кетті, содан бері кеттім,-деп жылдам айтты.

Даусында үрей бардай, Ажар көзін арғы беттен алмай сөйледі.

--- Ммм, сонда топ ер балалар арасына Гүлшатты тастап кеттің бе?-дедім ашуына тиіп.

Ажар маған жалт қарап:

--- Ол балақайлар Гулшатқа тиісе қоймас...., Мен....,мен....,-деді арт жаққа қарап, көзі бақырайып шошып-ақ отыр.

--- Бұл жағада сен танымайтын, сені танымайтын бөтен ауыл бар, сол жақтан біреулер сені көріп қалып, алып кетеді деп ойламайсың ба?--дедім сұраулы көзбен.

Негізі ауыл жоқ, қалың тоғай, келесі ауыл 20-30шақырым төмен, сонда да кейде осы тоғайдан отын таситын ер адамдар болатыны рас. Ажар тез суға беттеді.

--- Мен кеттім..., екінші бұл бетке келмеспін..., -деді үрейленген дауыспен.

Екеуміз қатарласа жүзіп Гүлшаттар жаққа жақындадық, дала қараңғы болып қалған.

---- АЙКО, ҚАСЫҢДА КІМ?,-деп айқайлап Гүлшат мені танымай сұрап тұр.

Ажар жауап қатпай жағаға бірақ жетіп, тез қамыс арасына кіріп кетті.

--- Охо, Шаха, сен...., Ммм, міне кездесу..., Құлақ, миымды жеп жүр едің, ақыры жолықтырыпсың ғой,-деп Гүлшат көлденеңдеп алдымнан шықты. Топырлап жас балалар қол берісіп амандасып жатыр. Жағаға шығып, шаршаңқырап қалған екенмін отыра қалдым.

---Иә, арғы бетке өтіп, қайта бері өтпегелі талай болыпты, иә, жаттығу керек, жарықтық өзен баяу ағады, баяу, сәл бос болсаң оп-оңай батып кетесің,-дедім алқынып.

Ұсақ балалар мені қоршап:

---Аға, бізді де үйретіңізші;

--- Аға, өзен терең дейді, түбі жоқ дейді рас па?

---Аға, сіз неше жасыңызда арғы жағаға алғаш шықтыңыз;

---Аға, мені үйретіңізші;

---Аға, осы өзеннің арғы бетіне өтем деп талай балалар батып кеткені рас па?

---Аға, апай мықты екен;

---Аға , ол демалмай қайта бері жүзе алады, мен кеше көргем,-деп балақайлар мені қоршап тұрғанда, қамыс арасынан Ажар шығып:

---Гүлшат, қайттық,-деп ауылға беттеді.

---Балақайлар қас қарайды, болды үйлеріңе қайтыңдар,-деп Гүлшат алақанын шапалақтап бәрін судан шығарды.

---Болды, болды, шық, қайт үйіңе, болды, тез-тез қане алдыма түс,-деп бар баланы ауылға қуды.

Балалар бірін бірі қуалап, ойнап, ауылға жүгіре басып бізден алыстап кетті. Гүлшат купалнигінің сыртынан орамалын орай салды, халатын кимеді. Ажар халатын киіп алған, халаты ұзын етекті, ұзын жеңді екен. Бар сұлулықты бірден тұмшалап жауып тастағандай көрінді. Басына орамалды жай жаба салыпты, орамал жүзін жасырып көлеңке беріп тұр. Баяу басып ауылдың шетіне келдік.

---Сендер неге суға күндіз келмейсіңдер?

---Маған кешке келген ұнайды, су жылы, -деді Гүлшат.

---Су жылы екені жылы ғой, бірақ, жалғыз жарым осылай жүргендерің қауіпті, --дедім Гүлшатқа қарап.

---Ой, сенде жау тақап, кім тиіседі Ақжол мен Манастың қарындастарына?-деді Гүлшат батыл дауыспен.

---Гүлшат, әрине сенің бауырларыңның ауылда өз беделі бар, сонда да екі кеш арасында, екі бойжеткен шомылып жүргенін көрсе кез-келген еркектің көзін шайтан байлап, нағыз шайтан ұрған еркек болып есі ауысуы мүмкін ғой,--дедім, бірақ не айтқанымды өзім ұқпадым. Гүлшат қарқылдап күліп:

---Көзін шайтан байлаған....,шайтан ұрған ха ха ха ха,ой ,ой, ха,ха,ха,-деп тоқтай алмай күліп алды да:

---Қой, бауырым, сені шайтан ұрмай тұрғанда үйіңе зыт,-деді.

Менің ашуым келіп тұрса да, өтірік күліп:

---Ажар, Гүлшат, қайта шығыңдаршы, көше қыдырайық, әнгімелесейік, Ажар сенен кешірім сұрайын дегенмін,--дедім.

Екі қыз үнсіз қарап тұр.

---Өтінем, Гүлшат, Ажар, тек ауыл аралап, болмаса өзен жағалап қайтайық,-дедім жалынышты дауыспен.

---Шаха, Төрешті ертіп алшы,-деді Гүлшат қуанышты дауыспен.

Ажар үндемей үйге кіріп кетті. Мен тез Төреханның үйіне жеттім. Ол жұмыстан келіп енді тамағын ішкелі отырыпты.

---Төреш, тез жеші асыңды, сосын тез шық, шаруа бар,-дедім.

Досым кетпектей нанды аузына итере тығып, анасы құйып берген кеспенің шеттінен ұрттап ішті де, жұтына орнынан тұрып, маған ілесті.

---Әй, балам, алдымен тамағыңды жеп алмадың ба, күні бойы шаң жұтып шаршадың-ау, -деп анасы нанды ұлына ұстатып, кеспесін көтере ілесті.

Төреші тігінен-тік тұрып көжені төңкере ішіп, анасына бос ыдысты берді де, нанды үлкен етіп тістеп, қалғанын анасына берді де "Ммм, ммм,"-деп үйге кіргізіп жіберді. Өзі аузындағы нанын қақала жүріп, әрең шайнап жүр. Сол кезде Гүлшаттың қақпасының алдына келдік.

----Ммм, не шаруа, ммм, не не болды?,-деп әлі аузындағы нанын жеп бола алмай шайнаңдап бетіме қарап, қасын көтеріп үй жақты көрсетті.

---Қазір, қыздар шығады, көше қыдырамыз.

---Аааа, Ажар да шыға ма?

---Көреміз, Гүлшат шығаратындай айтты.

---Жақсы.

Есік ашылып алдымен Гүлшат шықты, бұтында шалбар, үстінде шолақ жең фудболка, ол қақпаға жеткенде, есік ашылып Ақжол бауыры шықты, мен жаман болып қалдым. Гүлшат біздің қасымызға келгенде, артынан Ақжол тез жетті. Қол беріп амандасып тұрып қалдық.

---Шаха, бері жүрші,-деп мені жеке шақырды, мен не ойларымды білмей жеке бардым

---Шаха, өткен жолы Айко келмей жатып, сөз естіп, қатты қиналды, ол жаралы жан екенін сен білесің бе. Ол маған Гулшатпен тең қарындас, осыдан тағы ренжітсең ісің менімен болады,-деді.

---Өткен жолғы жағдайға кешірім өтінем, қайталанбайды, сөз берем, деп кеудемді бастым.

---Мен айттым, сен естідің, қайталанбасын, -деп Ақжол кетіп қалды.

Сәлден соң есік ашылып Ажар шықты. Ажар тізеден сәл төмен, жеңі шолақ көк көйлек киіпті, аяғында жеңіл босаножка, шашын жайып қойыпты. Майысып басып қақпадан шықты. Өзенді жағалап біраз жүрген соң, Төреш пен Гүлшат артта қалып қойды. Біз баяу басып келе жатырмыз, ай жап-жарық.

---Ажар, мен сенен кешірім өтінемін, әкемді кешірші,--дедім.

Ажар жүрісін тоқтатып бетіме қарап:

---Әкеңіз ескертуді орынды айтты, мен ол кісіге, болмаса саған ренжігем жоқ, мен өзіме ренжідім,-деді.

---Өзіңе неге ренжисің?

---Мен әже қолында өскен қызбын, әжем ес білгенімнен талай тәрбие беріп, талай нәрсе үйреткен еді. Ең бастысы "қызға қырық үйден тыю",-деген, қыз бала өзін қалай ұстауы керек, қандай ортада жүру керек, қандай жерге бармау керегін айтатын, мен болсам бөтен ауылға келе салып, қонаққа бармақшы болдым. Бағанағы сен айтпақшы танымайтын бөтен жағаға барғандай, бөтен ортаға қорықпай кірмекші болдым. Ол үлкен қателік еді. Мен тым жас екенмін, білмейтінім көп. Сондықтан ешкімге ренжімей үйрене берем,-деді көзіме тура қарап.

Мен тек басымды изедім. Тағы бір жарты сағаттай қыдырып, анау-мынау ауыл аңыз әңгімесін айтып, сосын қыздарды үйіне шығарып салдық. Мен өте бақытты болдым. Ажар мен ойлағаннан да бетер ақылды, әрі тәрбиелі, көрікті жан екен. Күнде солай ауыл аралап, ақырын-ақырын киноға да шақырып, бірге отырып кино көріп, суға бірге түсіп, арғы жағаға жарыса малтып, қызықты күндеріміз өтіп жатты. Сол кезде әкем өз жұмыстарымен аудан орталығында болған. Он бес күн сол жақта болып келген. Мен бақытты кезеңде қалықтап жүрмін. Ажарға әне сөз айтам, міне сөз айтам деп дайындықта жүрмін. Дүкеннен үйге келе жатсам, Ажар почта жақтан қорап көтеріп келе жатыр екен. Кездесіп қалып, қорабын көтерісіп үйіне жеткізіп, қақпа алдында, күліп әңгімелесіп тұр едік. Әкем көлікпен қасымызға ызғыта келіп тоқтады да:

---Ей, иттің ғана баласы, отыр тез көлікке! -деп зірк ете қалды...

4-бөлімнің соңы

Авторлық құқығым қорғалған, руқсатсыз көшіруге және ютупқа аудио кітап оқымаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

Таптым-ау сені. 1-бөлім

Таптым-ау сені. 2-бөлім

Таптым-ау сені. 3-бөлім

Loading...