Балғынбек Имаш Сатыбалды мен Тілеухан туралы бар шындықты айтты

Айтыскер Балғынбек Имашев  Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасын салафизмге қатысты айыптау дұрыс емес екенін екенін айтты

Фото: "BILGEN DURYS" каналынан үзінді

Айтыскер Балғынбек Имашев  Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасын салафизмге қатысты айыптау дұрыс емес екенін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басында мен салафизмнің не екенін түсінген жоқпын. Әлі күнге дейін намаз оқығандардың бәрін арақ ішпесе, сақал қойса басқа ағымда деп айыптайды. Салафизм саудияның ресми ұстанатын діні екенін кейін білдім. Бұрынғы елбасыны, оның отбасын бұл нәрсеге айыптау қате.  Бірақ Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабекпен араласқаннан кейін дінге келді деген қате пікір. 2000 жылдардағы айтыстарымды көрсеңіздер бесінді қаза қылмай оқып келдім деп Айнұрға айтқан болатынмын. 11-сыныптан бастап жұма намазына барып жүрдім, –дейді Бекболат Тілеухан.

Сондай-ақ Балғынбек Имашев Бекболат Тілеухан салафизмді насихаттағаны жөнінде пікір білдірді.

Жалпы оларды салафизмді немесе басқа бағытты насихаттады деп айта алмаймын. Өйткені біз таза ұлттық бағытта жұмыс істедік. Елдің бәрі ұлттық спортта жүргенде террористерді дайындады деп айыптады. Көкпаршыларды террористер деп атап жатыр. Олардың ондай ештеңесі жоқ. Қазақта сөз бар ғой қазақтың жігіті көкпаршы болса ешқашан көгілдір (гей) болмайды деген, – деді Имашев.

Loading...