Сенсация! Өзбекстаннан келген Клуб хоккейден Қазақстан кубогында жеңіске жетуге шақ тұр

Өзбекстанның "Хумо" клубы хоккейден Қазақстан кубогының финалисті атанды

©ХК "Хумо"

Өзбекстаннан келген Клуб хоккейден Қазақстан кубогының финалисті атанды, деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме беріп.

Жартылай финалда "Хумо" буллиттерден "Торпедоны" 2-1 есебімен жеңді. Ташкент клубы алғаш рет осы турнирдің финалында ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда өзбек ұжымы Қазақстан чемпионатының финалына өтіп, елордалық "Номадтан"жеңіліп қалды.

Қазақстан Кубогының финалдық матчы 31 тамызда сағат 18:00-де өтеді. "Хумо" қарсыласы "Арлан" - "Ақтөбе" матчының жеңімпазы болады

Loading...