"Жүрегіне қайшы қадаған": Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды

Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған.

ашық дереккөзі

Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің "Суицидке жеткізу" бабы бойынша дереу тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған. Бұл қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі", – деп түсіндірді аймақтық ПД.

Ол өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді.

Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.

Loading...