"Үлкен кісі болса таксимен жүрсін": Автобуста жасы үлкен апаға орын бермеген қыздың бейнежазбасы тарады

Автобуста қарт әжеге 15 жас шамасындағы қыз орын бермеген бейнежазбасы тарады

әлеуметтік желіден

Инстаграм әлеуметтік желісінде жас қыз сексендегі әжеге орын бермеген бейнежазбасы тарады,- деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі.

Бейнежазбада көрсетілгендей автобустың ішінде жолаушылар лық толы болған. Орындықта отырған жас қыздан қасындағы жолаушылар әжеге орын беруін өтінген. Қыз болса "үлкен кісі болса таксимен жүрсін, бізде шаршаймыз ғой" деп жауап қайтарған. Оның жауабына жолаушылардың көңілі толмағанын байқауға болады.

Loading...