Тергеушінің махаббаты. 5-бөлім

Тергеушінің махаббаты. Болған оқиға. Соңы

Ашық дереккөзден

Зағираны күзетші алып кірді. Меңіреу адам сияқты. Былқ- сылқ етеді. Отырғыздым. Жанары сөніп қалғандай.. Сөз жоқ....

— Зағира, сіз менімен сөйлесу керексіз, -дедім.

Ол ештеңе деген жоқ. Бір нүктеге қарап қатып қалған.

— Естимісіз? Сіз менің сұрақтарыма жауап беруіңіз керек. --дедім тағы қатал дауыспен.

Ол үндемейді. Жанына жақындадым:

— Сізге у-ды "әдейі әкелді" деген жала жабылғалы тұр. Бостан босқа әпкеңіздің өлімін мойныңызға іледі. Мен күртешені тексердім, түймесінде у болғаны рас! –дедім нақты.

Сөз жоқ. Ашуым келсе де айқайлағанға батылым бармай.

— Сіз неге сол куртканы киіп келдіңіз? –дегенді бірнеше рет қайталағанда Зағира бетіме қарап:

— Өткенде, соттың алдында кездескенде...алып кел деп Бағила өтінген... -дегенде "уффф",- дедім.

— Иә, дәл осы күртешені әкел деді ғой? -- деп сұрадым.

— Иә, бірнеше рет айтты. Сол курткамен келмесең, онда келмей -ақ қой деп те айтты.–деп бетін жапты.

Мен түсіндім. Бағила өзі дайындаған.

— Мен күртешеде у барын білсем әкелмес едім... --дейді тағы да телміріп отырып, – Ол маған тағы да "түймелеріне тиіспе, алдыңды түймелеме"деп ескерткен.--деп басын ұстады.— Імммм... Не деген ақымақ едіііімм .... –деп ыңырсып стөлге басын қойып жылап жіберді.

—Сіз камераға барыңыз. Мен зерттеймін, анықтаймын, сосын сізді қайта шақыртамын.–деп күзетшіні шақырдым.

Бұл істі анықтау аса қиынға соқпады. Ол отырған СИЗО-дағы бөлмеден оп-оңай хат табылды. Жастығының астына қойыпты. "Ардақты Анашым, сіңілім және кішкентай інішегім! Сіздерден үлкен кешірім сұраймын! Сіздерді жақсы көрем! Мен азаптандым, қорландым, зорландым, бірақ кегімді алдым! Еш өкінбеймін, абақтыға түсіп одан ары өзіммен бірге сіздерді қинағым келмейді. Бірден түбінен үзейін! Ол үшін мен көп ойландым, дайындалдым, бұл менің шешімім! Кешіріңдер!"депті. (өзбек тілінде.) Зерттей келе у расымен өте тез әсер еттетін, 2-минутта қанды ірітіп жіберетін арнайы жасалғаны анықталды. Бағиланың дайындалғаны соншалық осыны да ойластырып, түймесіне тығып кіргізуді де қарастырған екен. Негізі ол ұсталғанда сол күртешесімен ұсталған. Киімін ауыстырғанда, Зағираға өткізіпті. Күртешеден айырылып біраз қамыққан екен. Қалай қолын жеткізерін білмей амалдың жоғынан Зағираға тапсырғаны сол. Ертеңгі өліміне Зағираны күнәға қалдырмағаны анық, сол үшін хатты бөлмеге дәлел ретінде қалдырған. Осының бәрін анықтап, дәлелдеп, адвокат екеуміз Зағираны бостандыққа шығардық.

СИЗО- ның алдында Зағираны күтіп тұрмын . Ол шығып, мені көріп, аса қуана қоймады. Жаныма келіп, біраз үнсіз тұрды да.

—Тергеуші мырза, сізге не айтарымды білмей тұрмын.– деді.

— Көмек керек пе? –дедім.

Зағира ойлы көзбен қарап тұрып:

—Иә, керек. Бағиланы мәйітханадан алып, ауылыма әкетуіме көмектесіңізші. —деді салмақты дауыспен.

—Иә, әрине, ол жағын уайымдамаңыз. –дедім.

Арамызда бір жақындық бар сияқты.

— Мен бөлмеме барып заттарымды жинап, бөлмені өткізе берейін. –деп кетіп барады.

Ал мен бірден Бағиланың шаруасына кірістім. Рұқсат қағаздарын жинап, көлік тауып дайын отырдым. Зағира да кешікпей келді.

— Мен сізді еліңізге дейін жеткіземін деген рұқсат алдым.--деп едім, не риза, не риза емес екенін білдіртпеді. Тек төмен қарап ұялғандай болды.

Жолға шықтық. Отбасы хабардар екен. Бәрі дайын отыр. Бірден жерлеу рәсімін бастап, арулап көмді. Бірақ Зағирадан бір тамшы жас шықпады. Есінен қайта-қайта талған анасымен әуре болып, інісін құшақтап, сағаттап отырды. Өте қарапайым отбасы екен. Әкелері жастай қайтыс болған. Аналары шамасы келгенше асырап өсірген екен. Елде жұмыс жоқ болғандықтан, реті келген жаққа барып еңбек етіп жүрген жалғыз бұлар емес екен. Кетуге дайындалып, Зағираға жақындадым.

—Қош, аман болыңыз! –деді менен бұрын.

—Қош! –деп, қолын алып, басқа ештеңе айта алмай, өз сезімімді білдіре алмай кеттім....

Жаным ауырып, жүрегім бірінші рет қан жылай қимай соқты.... Алыстаған сайын сағынышым ұлғайды... Көз алдымнан кетпей қойды.

Бұл оқиғадан кейін де талай қылмыстың басын шештім. Бірақ Зағираның жағдайы елеңдете берді. Арада 10-ай өтіп, жұмысымнан демалыс алып, бір- екі күн үйде болдым.

Анам:

— Балам, мазаң жоқ қой! Елеңдейтін біреуің бар ма?–дегенде бірден "бар" дегім келіп, бұл кісі түсінбей қалар деп айтпадым.

—Жүрегіңнен орын алған жан болса сөйлес. Кеш қалма балам. Ертең өкініп жүрме! -деген анамның бір сөзі мені жолға шығарды. Зағираның ауылына тура тарттым.....

Аула сыртын сыпырып жүрген анасынан Зағираны сұрасам жұмыста екенін айтып, мекен -жайын берді. Анасы менің кім екенімді білген соң көп қазбаламады, сұрақ та қоймады. Жұмысына келдім. Дүкендегі сөрелерді реттеп жүр екен, мені көріп таң қалып, үнсіз тұрып қалды.

—Зағира, қал жағдайың қалай?–дедім. Жүрегім аузымнан атып шығардай тарсылдайды.

— Аллаға шүкір! –деп жауап берді.

—Сөйлесуге уақытыңыз бола ма?–дедім.

—Жұмысымның аяқталуына бір сағат бар.–деді баяу дауыспен. Өзі жүдеп кеткен ба? Жүзі салқын...

—Жақсы, күтемін. –дедім.

Шағын бақшаны кесіп өтетін жолмен келе жатырмыз. Зағира расымен де жүдеп кетіпті. Әрине оңай емес.... Өзін оймен жеп жүргені көрініп тұр.

—Жұмыстармен келдіңіз бе?–деп басын көтермей айтты.

—Жоқ, сені іздеп келдім. –деп шынымды айтқаным дұрыс деп ойладым.

— Тағы не болып қалды? –деп қабағын түсіріп, бетіме қарап, тоқтап қалды.

—Уайымдама, ештеңе болған жоқ. –деп жан- жағыма қарасам орындық бар екен.

—Жүріңіз отырайық.–деп орындықтардың біріне отырдық. Жиналып орындықтың шетіне отырып, қолын алдына ұстап, жәудіреген көзімен қарап отыр.

—Мүмкін қазір қолайсыз уақыт болар. Онсыз да басыңда қайғың бар... -дедім. Зағира қабағын шытып түсінбей қарап отыр. Бұрымының ұшын ұстап алып саусақтарымен сипалай бастады. Жүйкесі ауырып тұрғаны белгілі.

—Кешір! Ренжіме, бірақ саған келіп сені бір көріп, сөйлесуім керек, -дедім. Қолынан ұстамақ болдым, бірақ шошытып аламын ба деп қорықтым. Зағира төмен қарады.

—Сол сәттерге күә болдым. Әттең, басқалай жолыққанда... -деп айтып, тамағыма келген өксіктен тоқтап қалдым. Терең тыныс алып, Зағираның жанын түсініп отырып, "қалай оған ауыр тигізбей айтсам екен?" деп қиналып кеттім.

— Зағира, сен түсінші. Жүрекке әмір жүрмейді екен. Мазаңды алғым келмеген... Бірақ құрғыр жүрек сыңарын іздеп маза бермейді.–дедім.

Ол ешқандай белгі бермеді. Қорқа-қорқа қолын ұстадым.

—Сені іздейді, түсінемісің! –дедім батылдана.

Зағира басын ақырын көтерді. Мен жанарын іздедім... Жасқа толған жанары жанарымды тапқанда мөлдір тамшылар төмен қарай домалап кетті. Иығынан құшақтап қалай бауырыма басқанымды өзім де ұқпай қалдым. Ұзақ жылады. Мен де жылап отырмын. Айтарға сөз таппаймын. Алладан тек "қарсылық білдірмесінші" деп тілеп, бауырыма баса түстім. Ойға беріліп үнсіздікпен біршама уақыт отырдық. Зағира екі қолы алдында, мені құшақтамады. Тек шашын үйкелеп, біресе саусағына орап, біресе ширатып, біресе саусақтарымен арасынан ары-бері жүргізіп отырды. Мен иығынан өз бауырыма басып, шашын иіскеп, бақытқа кенелгендей күй кештім. Бір уақытта орнымыздан тұруды сездірді. Үйіне жақындадық. Кеш батыңқырап барады. Айтпаса да Зағираның маған деген сезімін түсіндім оны қинағым келмеді. Маңдайынан иіскеп қоштастым.

—Қанша уақыт боласыз? –деді көзіме қарап.

—Ол сенің қаншалықты қалайтыныңа байланысты! –деп жанарына қарадым. Бағанағыдай емес, көзінен үміт оты жанғандай, жалт-жұлт етеді.

—Қайда тоқтадыңыз!? Ауылда қонақ үй жоқ қой! –деп жан- жағына қарады.

—Уайымдама. Учаскелік жігіттікіне тоқтадым.Әріптеспіз қуана-қуана қарсы алды.–деп қолынан ұстап нәп -нәзік саусақтарына қараймын.

—Қайырлы түн! –деп үйіне жүгіріп кіріп кетті.

Бойыма бір күш пайда болып, арқама қанат біткендей мен де қайттым. Ертесі таң атпай Зағираны есік алдында күттім. Ол шығып келе жатып таң қалды.

— Сіз не, қайтпадыңыз ба? –дейді тағы бұрымына жабысып.

—Жоқ, сені көргім келді.–деп қасына жақындадым.

Ол үй жағына бір қарады да, жылдамдатып жүріп кетті. Сол бақшаның ортасымен келе жатырмыз. Ақырын қолынан ұстадым. Зағира тоқтап қалғанда шошып кеттім.

—Түсінсеңіз, бізге онсыз да ауыр. Қазіргі уақыт... Ел- жұрт бізді алакөздеп жүр. Ешкім түсінбейді... Әпкемді "қанішер" деп, маған да ешкім жоламайды. Анам көшеге шығудан қалды.Туыстар аттап баспайтын болды.– деді мұңлы дауыспен.

—Сіздің осылай жүргеніңізді жұрт білсе, бізді үйімізбен қосып өртеп жіберер. –дейді даусы дірілдеп.

Мен не айтарымды білмей қолын жібердім. Сөз таба алмадым.

— Әпкемнің асын берген соң, бұл ауылдан көшпесек болмайтын болды.–дей бергенде:

—Әпкеңнің асы өткен соң, мен сені алып кетемін. Анаңды ініңді қосып... –дедім шыдамай. Оның жанары жасқа толып басын изеді.

Жарты жыл өз отбасымды дайындап, Зағираның отбасына үй тауып, телефонмен сөйлесіп жүріп асыға күттім. Ол ас беріп болған соң, анасын, інісін алып өзі келетінін айтты. Маған "келмей -ақ қойыңыз" деп өтінді. Ас берілген күн өтті. Жолға қашан шығар екен деп тағатсыздана күттім. "Біз шықтық" деген смс келгенде вокзалға ерте келіп алыппын. Уақыт өтпей әлек. Қасымда досым ,сол Ораз бен Талмас. Бетіме қарап жымияды.

— Бауырым, қатты қобалжып тұрсың. Байқа, аққуыңды көргенде құлап қалма. –деп қалжыңдап қояды.

Келді. Вагонын тауып, есігінен қарап тұрмыз. Алдымен інісі шықты. Сөмкелеріне жармасып, Ораз болысты. Анасы шығып келеді. Мен жақындадым. Арғы жағындағы Зағирамды көріп, аузым ашылып жүрегім қағып кетті. Анасына Талмас көмектесті. Мен Зағирадан көзімді ала алмаймын. Екі беті қызарып, көздері күлімдеп, екіге бөліп өрген бұрымы сондай әдемі... Ұзын көйлегі қалай жарасып тұр!

Бірден оларға даярлаған үйге апарып жайғастырдық. Үйренісіп алғанша үш айдай кездесіп жүрдік. Анасына барахолкадан киім тігетін орын ашып, інісін мектепке орналастырдық. Зағира өзі де үлкен дүкен желісіне жұмысқа кірді. Үш айдан соң әке- шешем Анасының алдынан өтіп, құсымды қолыма қондырдым.

— Мен сізбен кездесуім үшін сондай ауыр жол бергені -ай!.–деді Зағирам басын иығыма қойып.

— Ол күндер артта қалды! Ұмытпаймыз, бірақ еске алмайық! –дедім.

Міне, бір қыз, екі ұлдың ата- анасымыз. Зағира керемет келін. Аяулы жар, ақылды ана, мейірімді қыз. Мен еш ұялмаймын, еш өкінбеймін. Доссымақтарым талай тиісіп бетіме басқан да күндер де болды, "Қазақтың қызы құрып қалды ма саған? " ."Қайдағы бір өзбек, қаскөй" . "Жауыздың тұқымы" "Шатастың, адастың" тағысын тағы бар....

БІРАҚ МЕН ӨЗ МАХАББАТЫМДЫ ЕШ ШАТАСПАЙ, ЕШ АДАСПАЙ ТАПҚАНЫҢДЫ НАҚТЫ БІЛЕМІН. ЖЕҢІМПАЗ МАХАББАТ ДЕГЕН--ОСЫ!!! (СОҢЫ.)

Автор: Сіздер таныс болған марқұм Ерлан тергеушінің махаббат хикаясы осы еді. Ағамызға қазақ қызы бұйырмаса да өмірінің соңына дейін Зағира жеңгеміз аялап құрметтеп өтті. Тергеушінің әйелі болу да оңай емес, тергеүшінің жан дүниесін түсіне білу керексің. Қандайда бір істі ашам деп тәуліктеп үйге де келмейтін кездері жиі болады. Оған қоса қылмыскерлер оңай ұсталмай түрлі жағдайлар болып, талай емханаға түскен кездерінде, Зағипа жеңеше тілеуін тілеп, көз жасын көл етіп, күтіп баптаумен болды. Үлгілі отбасы, қонақжай ашық-жарқын адамдар. Олар шын негізінде бір-біріне жаралғандай еді. Қызын қазақ жігітіне ұзатып, екі жиен сүйді. Үлкен ұлы қазақ қызын алып немере сүйгізді. Кіші ұлы әкесінің жолын қуып тергеуші. Қуда-жегжаттарымен қарым-қатынастары өте жақсы. Ерлан ағамыз зейнеткеде шықпай құрып кеткір вирус кезінде көз жұмды, бір өкінетініміз арулап жаназа шығарып көме алмадық. Аллам жанын жәннәтта етсін. Алда әлы талай Ерлан ағамыздың еңбегімен таныс боласыздар. Бақытты өмір сүрейік,аман жүргеніміздің өзі бақыт!

Авторлық құқығым қорғалған, руқсатсыз ютупқа аудио кітап оқымаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

Тергеушінің махаббаты. 1-бөлім

Тергеушінің махаббаты. 2-бөлім

Тергеушінің махаббаты. 3-бөлім

Тергеушінің махаббаты. 4-бөлім

Loading...