Астанада енді таңдаулылар ғана тұрады

Ал бұл бағдарламаның бас қалаға еш қатысы жоқ.

inbusiness.kz

Себебі, енді Астанада таңдаулылар ғана тұрады алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "елорда тұрғыны болам" дейтіндерге арнайы талап қойлатынын айтты. Өйткені бас қаладағы адам саны шектен асып кеткен. Халық қалың нөпіріне шаһардың инфрақұрылымы шыдас бермей тұр. Сондықтан Үкімет миграция ағымын шектемек.

Ол қалай реттеледі? Бастысы Астана тұрғыны атануға кімдердің мүмкіндігі бар?

Әуелде Астанада 300 мың адам тұрады деп жоспарланған екен. Сондықтан қаланың инфрақұрылымы аз адамға шақталып жасалған. Кейін тұрғындар саны миллионнан асты. Қалаға су мен жылу берілмей, тұрғын үйлерде проблемалар пайда болды. Көпшілік көшеге шықты. Жағдай талап етті. Мектеп, балабақша мен емхана тапшылығы байқала бастады. Ал өткен айда, тіпті, Президенттің өзі қаладағы көлік кептелісін тілге тиек етті. Жеңіс Қасымбекке мәселені шешуді тапсырды. Ал су жаңа әкім Тоқаевтың тапсырмасын бұлжытпай орындауға уәде етті. Қасымбек көп ұзамай шешім де тапқан сияқты. Ол туралы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Оқуға келген азаматтар, жұмысқа келген азаматтар, егер жұмыс беруші оларды шақырып үймен қамтамасыз етіп жатқан болса, болмаса общежитиелермен қамтамасыз етіп жатқан болса, оған ешқандай ограничения болмайды. Астанаға келіп бір уақыт ем алып кетуіңізге, не серуендеп кетуіңізге, уақыт өткізіп кетуіңізге қарсылық жоқ", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенов.

Мәселе бұған дейін үкіметтің аузынан шықпаса да, қоғам белсенділерінің емеурінімен еміс-еміс жеткізіле бастады. Кейін әкіммен кездесу кезінде белгілі ақын Несіпбек Айтұлы да Астананың резеңке секілді созыла бермейтінін айтты.

Сол кезде көпшілік шулай түсті. Ақынның бұл сөзіне қарсы шықты. Әлеуметтік желіде түрлі пікір жазды. Урбанистер қауымдастығы Үкіметтің мұндай шешімін адамдардың конституциялық құқығын шектеу,- дейді. Өйткені Ата заңның 21 бабында Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар, деп жазылған. Алайда биліктегілер еліміздегі басты құжаттың бабын қаперлеріне де ілмей тұрған секілді.

"Шектеу демократиялық жалғасы жоқ Мьянма, Корей халық демократиялық республикасы, Өзбекстан секілді елдерде қолданылады. Сондай-ақ қақтығыс болып жатқан Сирия, Израиль, Палестина секілді елдерде бар. Алысқа бармай-ақ көршілес Өзбекстанды алайық. Ол жерде де Ташкентке тұру үшін жекеменшік үйің болуы керек. Бірақ өзбектер заңын жеңілдетіп жатыр. Астанаға адамды кіргізуге шектеу қойғанмен жағдай өзгермейді. Өйткені экономикалық тұрғыдан жұмыс істеу Астанада тиімдірек болып қала бермек. Ол заңды да, заңсыз да болуы мүмкін", - дейді Q88 қазақстандық урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Мадияр Дауырбаев.

Сондықтан мамандар инфрақұрылымдық желілерді жоспарлағанда алдағы біраз жылды есепке ала отырып жасау керек,- дейді. Сонымен қатар, бас қаладағы құрылыс қарқынын төмендетіп, оны аймақтарға бағыттау қажет деген пікір айтты. Әзірге нақты талаптар тәптіштеп жазылмаған сыңайлы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Астана әкімімен бұл мәселені әлі де пысықтамақ.

Loading...