Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен арақатынасы туралы айтты

Жұлдызды жұптың өмірін халық әлі талқылап жатыр.

Ашық дереккөзден

Танымал актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев алғаш рет отбасы туралы айтып, Instagram парақшасында оқырмандарынан ол тақырыпты қозғамауды өтінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актер ұзақ уақыттан бері әлеуметтік желіге ат ізін салмай кетіп еді.

“Достар, мен қайтып келдім. Түркияның Стамбұл қаласында ем алдым. Бір айда екі рет ота жасалды. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Денсаулықты күтіп, позитивте өмір сүрейік. Әлеуметтік желіні де ұмытып қалыппын”, – дейді әзілкеш-блогер. 

Ол жеке өмірі жайында да әңгіме қозғап, Балжан Бидашпен арақатынасы туралы айтты

“Осы күнге дейін отбасым туралы әңгіме қозғамадым. Бірақ жанашыр достарым, оқырмандарым: “Отбасыңды сақта, Балжанды қайтар” деп жатыр. Соларға арнап айтқым келеді: Мен отбасымды сақтап қала алмайтындай ақымақ емеспін. Балжанды үш ай бойы көндіре алмадым. Ажырасу – менің жек көретін тақырыбым. Осы күнге дейін не нәрсе істесем де, отбасым үшін жасадым. Оған да уақыт бердім. Өзгеріп, қателіктерімізден сабақ алайық дедім. Үш ай бойы қолымнан келгенін жасадым. Бірақ нәтиже болмады. Сол екі аралықта ауырып қалып, шұғыл Түркияға ота жасатуға кетіп қалдым. Ол жақта да жүрегім тыныш болмады. Сіздерге айтарым, отбасын сақтай алмайтын еркектердің қатарынан емеспін. Осыны түсініңіздер! Бір-біріміз туралы жаман ойдан аулақ болайық!”, – сөзін түйіндеді актер.  

Жұлдызды жұптың өмірін халық әлі талқылап жатыр.

Бұған дейін әзілкештің экс-жұбайы Балжан Бидаштың жалдамалы пәтерде жүргенін жазған болатынбыз. 

Loading...