Хиджаб кимегені үшін соққыға жығылған қыз қайтыс болды

Иранда бірнеше ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан 16 жастағы Армита Гераванд қайтыс болды

Фото: inform.kz

Иранда бірнеше ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан 16 жастағы Армита Гераванд қайтыс болды, деп хабарлайды  Bugin.kz  порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ол хиджаб кимегені үшін метрода әдет-ғұрып діни полициясының қолына түскен кезде ауыр жарақат алған.

"28 күн бойы қарқынды терапия бөлімінде ем алған тегерандық студент Армита Гераванд бір сағат бұрын қайтыс болды", - деп хабарлады Иран Ислам Республикасының Жастар министрлігіне қарасты Borna ақпарат агенттігі.

Hengaw тәуелсіз құқық қорғау ұйымының мәліметінше, метродағы оқиға 3 қазан күні болған.

Әдет-ғұрып діни полициясы оны платформада тоқтатып, басына орамал тағуын талап еткен. Қыз одан бас тартқанда, олар оған күш қолданып, салдарынан бойжеткен жақын маңдағы әскери госпитальға жеткізілді. 

Бұл елдің билігі қыз балаға жарақаттарды полиция қызметкерлері салған дегенді үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. 

Комаға Армита Гераванд қазан айының басында түскен болатын. 

Көптеген ирандық Армитаның оқиғасын өткен жылы 22 жастағы Махса Аминиға қатысты болған оқиғамен салыстырды. Ол да хиджаб кию ережелерін сақтамағаны үшін ұсталған Полиция көлігінде соққыға жығылған Махса бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

Оның өлімі елде жаппай наразылық туғызып, патрульдің уақытша тоқтауына себеп болған еді. Махса Амини қайтыс болғаннан кейін Иранда ереуілдер көп болды, бірақ оған бүкіл халық жаппай қосыла қойған жоқ. 

Loading...