"Өзіңе тиесілі нәрседен бас тартпа": Баян Алагөзова көптің сынына ұшыраған Әли Оқаповты қолдады

Продюсер Баян Алагөзова көптің сынына ұшыраған Әли Оқаповты қолдайтынын айтып, жазба жариялады.

stan.kz

Продюсер Баян Алагөзова көптің сынына ұшыраған Әли Оқаповты қолдайтынын айтып, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баян Алагөзова әнші Әли Оқаповты кішкентай кезінен танитынын айтады.  

“Шығармашыл, нағыз музыкант, талантты композитор мен орындаушының қанатын кесу қандай оңай… Бөтеннің еңбегін құнсыздандырып, жоққа шығару оңай, көппен бірге мән-жайды білмей жатып, адамды танымай, еңбегін, шығармалары мен жұмысын зерттемей тұрып сынға алу қандай оңай десеңші. Мен Әлиді құндақтағы кезінен білемін, бес жасынан бастап фортепианода ойнай бастады. Кейін нағыз білімі бар беделді әртіс атанды. Көп ұзамай біз үшін талай әнді әрлеп, талай ән жазды. Көбіне студиясында талмай еңбек ететін. Кез келген шараға шақырсаң, бас тартпай, бишілер командасымен үнемі келетін. Өзі де сөзсіз керемет билейді. Бірде-бір рет кешікпеген, бірде-бір теріс қылығын (бізде ішіп, шегетін әртістер көп, бұл – қалыпты жағдай) көрмедім”, – деп жазды Баян Алагөзова. 

Продюсер Әли Оқаповты марапаттарынан бас тартпауға шақырып, барлық орденге лайық екенін жеткізді. 

“Ал бүгін керемет әнші барлық марапаттан бас тартты, барлығынан... Әли! Сен қан мен тер арқылы жеткен барлық марапатқа лайықсың. Ешкімнің алдында есеп беруге де міндетті емессің. Бұл – сенің марапатың, мұны ешкімнен тартып алған жоқсың. Орденді мақтанышпен тағып, еш қатысы жоқ, барлығын құнсыздандыратын адамдарды тыңдама. Өзіңді өзің қалыптастырдың, өз жолыңмен келе жатырсың және анаңнан ешқашан көмек сұрамағаныңа сенімдімін. Себебі, бірінші кезекте, ол нағыз ер азаматты өсірді. Сен – ата-анаңның ең керемет ұлысың. Бұл орденді мақтанышпен тағып, өзіңе тиесілі нәрседен ешқашан бас тартпа”, – деп қосты продюсер. 

Айта кетейік, әнші Әли Оқапов көптің сынынан кейін мәлімдеме жасап, барлық марапаттарынан бас тартқан еді. 

Loading...