Карим Бензема Сауд Арбиясында жарақат алып қалды

Франциялық шабуылшы Карим Бензема Сауд Арабиясы чемпионатының төртінші тур матчінде жарақат алып қалды

vesti.kz

Бензема өнер көрсететін "Әл-Иттихад" Меккеде өткен матчте "Әл-Вахда" командасын 3:0 есебімен ұтты. 

Карим ойынның 42-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды. Футболшының қылтасына бірдеңе болғанға ұқсайды. 

Айта кетейік, "Әл-Иттихад" Сауд Арабиясы чемпионатының алғашқы төрт матчінде де жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр. Бенземаның саудиялық командамен келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген. 

Loading...