29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Қарағанды облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

“Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді”, – делінег Ақорда хабарламасында. 

“АрселорМиттал Теміртау” мәліметінше қаза тапқан кеншілердің саны 28  -ке жеткен. 

Loading...