Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды

Фото: gov.kz

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растағанын хабарлаған болатыбыз. Бекетаевқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Loading...