Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі атанды

Биылдан бастап қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен бір топ өнерпаз марапатталды

tengrinews.kz

Биылдан бастап қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен бір топ өнерпаз марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Солардың қатарында «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын иеленген тұлғалар да бар.

Сонымен  «Қазақстанның халық әртісі» атағы биыл еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.

Loading...