Тергеушінің махаббаты. 4-бөлім

Болған оқиға. Тергеушінің махаббаты

Ашық дереккөзі

Бағила әңгімесін жалғастырып:

—Еліме оралып, біраз қиналып жүрдім. Содан кейін ауруханадағы хирургия бөліміне еден жуушы (санитарка) болып жұмысқа кірдім. Адамдарды оп- оңай тіле салатын пышақтарына қызықтым. Тіпті біреуін ұрлап алдым. Күнде пышаққа қарап есіл дертім сол жігіттен кегімді алу болды. Спорттық ұжымдарға жазылдым. "Самозащита" дей ма, сондай бірдеңе... Өзімді қорғауды үйрететін секциялардан ақшамды аямадым, шынықтым.

Зағира маған айтпай Алматыға кетіп қалғанда қатты қорықтым. Бірақ көрші апай ертіп кеткен соң сәл де болса сендім. Жаңа жылдан кейін сіңілім ақша салып, оған сыйақы беріпті дегенді естіп уайымдап қалдым. Тағы 8-наурызға да қымбат әтір сыйлапты. "Ол еркектің бір ойы бар" деп сескендім. Мен де қайтадан Алматыға келіп, Зағирамен еріп үйін көруге сұрандым. Ол жоқ екен, қабырғадағы суретін көріп бірден таныдым. Бастықтан аты -жөнін сұрасам дәл өзі. "Таптым" деп кездесудің амалын ойластырдым. Шашымды кесіп, қасы - көзімді бояп, сол барып жүрген жерлердің бірінде таныстым. Ол мені танымады. Сорайған бойым мен бет- әлпетім оны қызықтырғаны анық. Өзімді байлардың қызындай ұстап, жалға (прокат) киімдер алып әбден уысымда ұстадым. Ол кездесуге шақырды.

—Алдымен үйіңді көрсетші!–деп өтіндім. Зағирадан бүкіл кілттерінің көшірмесін жасатып алғанмын. Ол қуана-қуана үйіне шақырды. Жалға алған көлікті үйінің арт жағына қойдым да, бір көше төмен түсіп оған қоңырау шалдым.

"Папам осындай жерге қалдырады, келе аласың ба?",-деп едім, ол қуана келісіп жетіп келді.

Бірге үйге кірдік. Неше мәрте келіп барлық жерін зерттеп алған маған еш қиын болған жоқ. Бірден жатын бөлмеге сүйредім. Ол есі шығып сасқалақтап жейдесін ағытып турғанда ,артынан құшақтап сүймекші болғандай кейіп танытып, неше мәрте дайындалған әдіспен солдан оңға қарай оп-оңай бауыздай салдым, күре тамырды кестім. Ол алдымен түсінбей маған бұрылды тамағын ұстап, қаны жан -жаққа атқылады, шашымнан шап бергенде өзім шошып кеттім. Жібермей әлі кеткенше тартып тұрып құлады. Мен кім екенімді, не үшін осылай жасағанымды көзіне қарап айттым. Оның көздері бақырайып түсінді ма, жоқ па, мен ұқпадым,–деп Бағила төмен қарап үндемей отырып қалды.

Темекі сұрады, ұсындым. Құшырлана сорып-сорып жіберіп, маған тағы тіке қарады да,

—Еш өкінбеймін. Негізі мен оны боршалап, әр мүшесін әр жерге ит құсқа тастағым келген, ол соған лайықты еді. Ол мені оп- оңай әкеліп анау жауыздарға тастағанда жаны ашымады ғой... Аямады... Өкініп есіне де алмады... Ал сіздің ойыңызша оның қор қылған қызы мен ғана деп ойлайсыз ба? Мен олай ойламаймын. Анау дүние, анау байлық қайдан келді? Жоқ болып жатқан қаншама жас қыздар бар. Ол бейшаралар осындайлардың кесірінен жоғалады деп ойлаймын. Мен өз басым қандай қорлық көрдім? Кім мені аяды? Ешкім. Ешкім мені аямады,– деп столды тарс еткізіп бір ұрып, кекшіл көздері қанталап, еріндері дір-дір етеді.

— Қателігім сіңілімді ойламаппын. Ол дәл сол күні келетінінен шатасыппын. Сойып тастап, енді қоқыс пакет алуға шықсам, Зағира келе жатқанын көрдім. Тез бөлмеге қайта барып шифонерге тықпақшы болдым. Кимдерді алып қойып сүйреп кіргіздім. Екі бүктеп отырғыздым... Ары қарай шамам келмеді... Тез- тез артқы есіктен шығып көлігіме отырдым да кеттім. Шекемнің ашығанын бөлмеде сездім. Айнаға қарасам бір уыс шашым жұлыныпты. Егерде Зағира сол уақытта келмесе мен оны бөлшектеп, пакетке салып машинаға басып, бөлмені тазалап жуып-шайып кетер едім... ҚАП... Шатасып Зағираның графигіне мән бермей қалғанымды қарашы! Оның көзін құртам деп, тек соған ғана мән бермеппін! ·деп өз басын өзі ұрғылай берді.

Күзетшіні шақырттым. Есіктен шығып бара жатып бұрылып:

—Зағираны бүгіннен қалдырмаңызшы! – дейді.

Бағанағы тістеніп тұрғандағы дауыс жоқ. Бұл жолы жыламсырап тұр.

—Иә, иә... Қазір босатамыз.–дедім.

Айтқандарын түгел қағазға толтырып, қолын қойғызып алып, мен отырып қалдым. Кімді аярымды түсінбеймін. Қаншама арман қуған ару қыздарымыз осындай адам сатушылардың құрбаны болды, ол ащы шындық. Екі егіздің түрлері ұқсағанымен, мінездері жер мен көктей... Өшпенділік адамды қалай өзгертеді, ИӘ ....

Зағираны босату қағаздарын жөндеп болып шақырттым. Зағира кіріп келеді. Бұрынғыдай дірілдеп шошып тұрған жоқ, батылданып, сұрланып кеткен.

— Әпкем бәрін өтірік айтты. Мен ол, мен өлтірген.–деп ескі әуеніне басып отыр.

— Не себепті әпкеңіздің қылмысын мойныңызға алмақшысыз?! Шыныңызды айтыңызшы! –дедім түсініп тұрсам да өзінен естігім келіп.

— Оның онсызда азаптанғаны жетеді. –деді ашулы көзбен қарап.

Ыза қысып терісіне сыймай отырғаны көрініп тұр.

— Сонда сіздің ойыңызша сіз оның қылмысын көтеріп сотталсаңыз, ол азаптанбай ма?–дедім әр сөзімді нақтылап айтып.

Зағира көзіме қарап ойлы жанармен:

—Темір тордың ар жағындай азаптанбас! –деді тістеніп.

—Солай деп ойлайсыз ба?

—Иә...

—Жоқ, қолымен істеген екен, мойнымен көтерсін! –дедім қатал дауыспен, қағазды алдына сыдырып.

—Қолыңызды қойыңыз, сіз боссыз! –дедім тағы қатаң дауыспен.

Ол біраз ойланып отыр.

— Қорғаушы адвокат беріледі. Жеңілдік сұрайды. Соған мөлшерлеп жазасы беріледі. Сіз мойындағанмен сізге ешкім сене қоймайды. Бұл ойыншық емес. Бұл үлкен қылмыс! –дедім.

Зағира жылап басын шайқады.

— Зағира, сіз отбасыңызды, анаңызды ойлаңыз. Жарайды, сіз Бағиланың қылмысын көтеріп кеттіңіз дейік. Ал Бағила рахаттанып өмір сүреді деп ойлайсыз ба? Жоқ, ол қыз, жәй адам емес, қолын сілтей салып көне салатын жан емес. Ол көнбейді, бостандықта жүрсе де сіздің тағдырыңызды талқандағанына ұйқысы тыныш болмайды. Өз- өзін жеп, туыстардың алдында ол оңайлықпен басын көтеріп жүрмейді. Ал сіздің болашағыңыз алда! –дедім бетіне қарап.

—Ана жақта не өмір бар дейсіз?

—Ол жақта ол өз қылмысын мойындағаны үшін өзі... Иә, иә, өзі жазасын өтеп жеңілдеп шығады.– дегенімде Зағира бетін басып жылап қалды.

Су ұсындым. Тістері сақылдап бір -екі жұтым ішіп, маған сұраулы көзбен қарады .

— Бәрін зерттейміз, анықтаймыз.Енді ақтап аламыз деп айта алмаймын, бірақ ол жазасын өтейді. ·дедім

Сот болды. Бағиланы үйтіп -бүйтіп адвокаты арашалап жүріп, берген жазаны кесе-кесе,11-жылға қатал режимдік түрмеге кетті. Ал, мәйіттің еш жерден "қыз сатты",-деген ізі табылмады, керісінше Бағиланың алдынғы ұсталып, қамалып сосын ем алғаны шығып, "жеңіл жүрістегі қыздар қатарында болған",- деген жаман ат қоса жабысты. Зағира еңірегенде етегі жасқа толып, таусылып, қатты жылап қалды....

Зағираның жылағаны сондай жаныма батып барады. Өзім де түсінбейтін бір тылсым күш пайда болғандай. Қызды құшақтап жұбатқым келіп тұрса да, өзімді ұстап қасына бардым.

—Жүріңіз, бұл жерде отыруға болмайды. –деп сыртқа шығардым.

—Түсінесіз бе? –деппін есі ауысқан адамша. Өзіме іштей ұрсып тұрмын. Зағира басын шайқады. Сыртқа ертіп шығып, ауладағы орындықтардың біріне отырғыздым. Жүруге әл -дәрмені жоқ. Әлсіз. Құлап қалардай дір-дір етеді. Біршама уақыт жылағанын баса алмай, бетін орамалмен басып алып селкілдеп отырды. Қарап тұрып не істерімді білмей жүрегім қан жылады.

Жанына отырып:

— Сабырға келіңіз. –дедім.

Қазір менен көрер деп өзім де қорқып отырмын.

— Сонда осындай жауыздың өмірі менің әпкемнің өмірінен қымбат болғаны ма? Сонда сол жауыз осы өмірде аман сау жүрсе, әлі талай қызды қор қылғаны керек пе еді? –деп бетіме қарады.

Мен де іштей күйініп отырсам да:

— Әпкең сондай жолға бармай, басқаша шешуі керек еді.· дедім

— Қалай басқаша?

— Полицияға арыз жазып келгенде, біз оған тиісті жазасын берер едік,–дедім. Бірақ бұл сөзімнің рас екеніне өзім де сенбей отырмын.

—Ол жауыз. Ол адам емес. Оны сіздер ешқандайда жазаламас едіңіздер,–деді ашулы дауыспен.

—Оны босатып жіберер едіңіздер. Өзбек елінен қаңғып келген қызға сенбес едіңіздер! –дейді ышқына.

Айтқан сөзінің жаны бар болса да:

—Адамның өмірін қию - ол ауыр жаза, Зағира.--дедім мен де катал дауыспен,

--- Заң бар. Елде құқық қорғау орталығы бар. Алдымен соларға жүгініп көру керек еді.–дедім.

Ол үндемей бетін жауып алып еңкейіп отыр.

—Сіз отырмаңыз. Үйіңізге барыңыз. –деймін.

Өзімнің де уақытым тығыз, жұмысым көп болғандықтан асығып та тұрған едім. Ол басын изеді.

— Сау болыңыз! –деп кетуге ыңғайланып едім.

— Соңғы рет кездестіріңізші. Өтінем. Маған сізден басқа ешкім көмектеспейді –деп орнынан атып тұрды.

— Бағиланы таңертең алып кетеді... Жарайды, адвокатына айтайын, шеше алса, мен руқсатымды берем, ол сізге хабарласады. –деп жүріп бара жатсам, ол ілесіп келеді.

— Тергеуші мырза, адвокатқа түсіндіріңізші, мен көруім керек. Біраз киімдерін берейін... Өтінем! –дейді қиылып.

—Жарайды, Зағира, ол хабарласады.– деп тездетіп жүріп кеттім.

Адвокатқа хабарласып, мен руқсатымды беретінімді айтып, соңғы кездестіруін өтіндім. Ол келісіп, өзі Зағираға хабарласам деді.

Басқа да шаруалармен айналысып жүрсем де, Зағира ойымнан кетпей қойды.Санама жақсылап орналасып алғандай, көзімді жұмсам алдымда тұрады. Біресе жайылған шашымен күлімдеп тұрса, біресе әдемі бұрымы мен мұңлы көзімен маған қарап тұрғандай. Іздеп барып қал жағдайын сұрағанға бет жоқ.

Екі тәулік өтті. Ойымды шырылдаған телефоным бөліп жіберді. Қоңырауға қарасам Бағиланың адвокаты.

—Алло. Қайрат, қал қалай? –дедім тұтқаны көтере салып.

— Ереке, қал нашар... –дейді салқын дауыспен ентіге.

—Не жағдай?

—Осы жерге келе аласың ба?–деп мекен - жайды айтты.

Тездетіп бардым. Қабағы түйіліп қап- қара болып түтігіп кетіпті. Қолын беріп амандасып отыруымды өтінді.

— Таңертең Зағира мен Бағиланы жолықтырдым. Бәрін тексеріп- ақ кіргізген едім... –деді қолы дірілдеп.

—Үстінде жеңіл күрткешесі болған. Қалта-қалтасын, жеңін түгел қараған еді... 10-минут қана рұқсат алып бергенмін...–дейді басын ұстап,

— Жеке қалдырғам... 8-минут өткен соң есік қағылыпты. Айқай- шу болып кеткен соң, жүгіріп кірсек Бағила шалқасынан жатыр. Зағира есікті қағып есі шығып тұр.

—Не болды? –дедім шыдамай.

— У, туймеде у болыпты...

— Қандай түймеде?

— Курткада үлкен-үлкен түймелері болған. Соның бірінде у бар екен. Бағила әдейі дайындаған. Зағирамен сөйлесіп болып курткасын сұрапты. Қолына алып бірдеңе шұқып отырған дейді... "Мені кешіріңдер! Сен өзіңді кінәлама!" деп аузына бірдеңе салып артынан жылдамдатып су ішіп жіберіп, сіңілісін құшақтап тұрып құлапты... Бірден қатыпты. –деді бетіме қарап.

— Мен құрыдым! –дейді шекесін ұрып.

— Зағира қайда?

— Ол изоляторда.Сұрақ ал барып. – деп есікті көрсетті.

— Оны неге қамадыңдар?

— Енді сол әкелді ғой! --деді ышқына, — Олар не айтты, мен қайдан білейін? Сөйлесіп алсын деп шығып кеткем.– деді ашулы дауыспен,

— Жап-жас қыздың у әкеліп қатыратынын қайдан білдім? Ой, топас басым- айй... Анандай қанішердің сіңілісі қай бір оңған.... Неге соны ұқпағам... .-деп стөлді бір қойды.

—Тоқта! Тоқта, бұл жерде бір гәп бар! Мен анықтаймын! –деп изоляторға қарай жүгірдім....

4-бөлімнің соңы. Жалғасы бар.

Авторлық құқығым қорғалған, руқсатсыз ютупқа аудио кітап оқымаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

Тергеушінің махаббаты. 1-бөлім

Тергеушінің махаббаты. 2-бөлім

Тергеушінің махаббаты. 3-бөлім

Loading...