Семейде қыздарды аңдитын маньяк туралы ақпарат тарады

Семейдің сол жағалауында маньяк пайда болғаны туралы ақпарат тарады

Nur.kz

Семейдің сол жағалауында маньяк пайда болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі abainewskz-ке сілтеме жасап.

Қалада Жаңа құрылыс, Ет комбинаты, Жастар және Жаңа жол аумағында жүретін маньяк туралы ескерту тарай бастаған.

"Ол осы аудандарда тұрады. Арттан шабуылдап, пышақпен қорқытып, ақшаңды тартып алып кетеді. Ұрып-соғып, зорлауға тырысады", - делінген тараған ақпаратта.

Абай облыстық Полиция департаменті осы ақпаратты тексеру барысында дереу шаралар қабылдады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қаланың сол жағалауында қыздарға шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайтыны анықталды.

Сонымен қатар, полицейлер жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертті.

Loading...