Кәсіпкер Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға көлік сыйлады

Бизнесмен Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға көлік сыйлады

Фото: instagram.com/murat_yeszhan

Бизнесмен Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз қазір анау болмайтын, мынау болмайтын нәрсенің бәрін марапаттап жатырмыз. Бірақ жігіттердің ішінде жігіттердің төресін марапаттауымыз керек. Мұрат Есжанға елінің жанашыры деп біздің "Santyres" компаниясының атынан бір автокөлік мінгізейік дегенбіз", - деді Сырымбек Тау.

Мұрат Есжан бұл нағыз тосынсый болғанын айтты.

"Алла разы болсын! Ойда түк жоқ келіп ем, нағыз тосынсый болды", - деп алғыс білдірді Мұрат Есжан.

Сондай-ақ ол өзінің ескі көлігін көрсетті.

"Енді жасыратын несі бар, айта берейінші. Жаңа шара болып жатқан жерде кіл жаңа, крутой көліктердің қасына қоюға ұялып, машинамды алысқа қойып кетіп едім. Терезесі ашылмайтын, багажнигін ішінен еңбектеп кіріп ашатын бұл көлікке де өкпе жоқ. Тақылдаса да, уілдесе де тоқтамай жүріп тұр. Бір емес, екі сериалды осымен жүріп түсірдік. Енді жаңа көлікпен жаңа жобалар жасауды жазсын!

Осы көлікпен келіп, басқа көлікпен кетудің сәті түсіп тұр. Өте қуаныштымын", - деді Мұрат Есжан.

Loading...