Қытай БАҚ-тары Тоқаевтың қытай тілінде керемет сөйлейтінін жарыса жазып жатыр

Қытай БАҚ-тары мен әлеуметтік желі қолданушылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілінде керемет сөйлейтінін жарыса жазып жатыр

Ақорда, коллаж OnNews.kz

Қытай БАҚ-тары мен әлеуметтік желі қолданушылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілінде керемет сөйлейтінін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

18 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өткен жоғары дейгейдегі «Бір белдеу, бір жол» үшінші форумына қатысып, қытай тілінде сөз сөйлеген болатын. 

Президенттің қытай тілінде жасаған баяндамасының видеосы Қытай БАҚ-тарында тарап, жергілікті халықтың қызу талқысын тудырды. 

CCTV видео жариялап, Қазақстан Президенті Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» үшінші форумының ашылуында қытай тілінде сөз сөйлеген жазды. 

Сонымен қатар Global Times ақпарат агенттігі де Мемлекет басшысының баяндамасын өз арналарында жариялады. Қытайлықтар Тоқаевтың қытайшасы өздерінікінен де керемет екенін айтып, «Қазақстан Президенті қытай тілінің маманы», «деңгейі өте жоғары», «кейбір қытайлықтардан да жақсы сөйлейді» деген пікірлер қалдырды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 17-18 қазан күндері Бейжіңде өткен жоғары дейгейдегі «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумына қатысты.

Loading...