Қазақстанның ең мықты кәсіпқойы Ташкентте маңызда айқас өткізеді

Орта самлақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін Ташкентте өткізетін болды

kaz.vesti.kz

Орта самлақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін Ташкентте өткізетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раундтық айқас 17 қараша Өзбекстан астанасындағы "Хумо Аренаның" шаршы алаңында өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз, дегенмен ол әлемдік рейтингте жоғары тұрған боксшының бірі болмақ. Бұл жекпе-жек WBC конвенциясының аясында өтеді. 

Айта кетейік, Доминикана Республикасында өтіп жатқан WBO конвенциясында Нұрсұлтанов 2023 жылдың үздік боксшысы атанды. 

Ал оған дейін BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды.

Сонымен қоса, қазақстандық BoxRec тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшылардың топ-3 тізіміне кірді. 

Loading...