Тергеушінің махаббаты. 3-бөлім

Болған оқиға. Тергеушінің махаббаты

Ашық дереккөзі

Не деген сұлулық... Осындай періште адам өлтіруі мүмкін бе? Жо-жоқ, олай болуы мүмкін емес... Онда қалайша сараптама нәтижесі 99% пайызды көрсетіп тұр? Қызға қарап қатты ойланып кеткенімді өзім байқамай қалыппын. Бірден есімді жиып:

—Егізіңіз болса неге "әпке" дейсіз? – дедім қыздың жүзіне тесіле.

— Ол менен 7-минут бұрын туылған. –деп жымиды.

Тәңірім- ай, жымиып еді, оң жақ бетіне шұңқыр пайда болып, өзіне жараса кетті. Тез езуін жинап төмен қарап отырып.

— Ака.... –дейді мұңая.

—"Ака" деп айтпаңыз."Тергеуші" десеңіз де жеткілікті.–дедім.

—Тергеуші мырза, сіз түсініңіз, мен адам өлтіре алмаймын. Мен өлтірмек тұрмақ ұрсыса да алмаймын ғой.–дегенде жанары жасқа толып кетті.

—Сіз уайымдамаңыз, бәрін зерттейміз, анықтаймыз. Сіз де ештеңе жасырып қалмаңыз.

— Жасырмаймын. Бәрін айтам... Мен келдім, қожайынды көрдім, шошыдым тайғанап құлап түстім.... Қашып кетпекші болдым... Бірақ қорықтым... Бастығыма қоңырау шалдым. Сіз сұраңыз, ол кісі айтады.

— Бәрін сұраймыз.

— Бастығым мені біледі. –деп осы бөтен жерден жалғыз жанашыр жан сол кісі екенін барынша жеткізіп отыр.

—Қожайынмен басқалай қарым- қатынас болмады ма?

— Болмады... Анамның атымен ант етемін.--деп басын ұстап еңкейіп отыр.

— Бүгінше осы да жетеді. Сіз есіңізге түсіріңіз. Әр ұсақ түйекті, қожайыныңыздың әр сөзін... –дегенім сол- ақ екен,

– Тергеуші мырза, мені жібересіздер ме? - деп маған жәутеңдеп қарады.

—Жоқ, сіз осында боласыз. Ақ-қарасын анықтағанша босата алмаймыз.–деп орнымнан көтеріліп, есікке барып күзетшіні кіргіздім.

— Сіз нағыз қанішерді табасыз. Мен оған сенемін.--деп қолымнан ұстап жәудіреген көзімен көзіме қарады.

Тергеу изоляторынан сан түрлі оймен шықтым. "Иә, Зағира қанішер емес екеніне тағы көзім жетіп тұрса да, дәлел жоқ" дедім ішімнен. Сыртта Ораз күтіп тұр екен, бірден Зағираның жұмыс орнына баруды шештім.

— Ереке, сіз бармай- ақ қойыңыз. Бұл біздің жұмыс қой.–деген Оразға.

— Барайық, бауырым, барайық.–деп көлікке міндім.

Қаланың ортасында, аса үлкен емес кеңсе орны екен. Сыртына " Тазалық -денсаулық кепілі" деп жазып қойған жарнамасы ілулі тұр. Бастықтың бөлмесіне кірдім. Ұқыпты киінген, тартымды түрімен, қазақ келіншек қарсы алды.

— Келіңіз.–деді құжатымызды оқып болып.

—Сізге Зағира хабарласқанда не деді?

—"Үй қан, адам отыр шифонерде" деді қорыққан дауыспен. Мен оған "02- ге қоңырау шал, ешқайда кетпей отыр" дедім. –деп қабағын түйді.

—Зағираны қанша уақыт танисыз?

— Ол қызды Алматыға өзім әкелген едім. Ағайын- жұртым Зағиралармен көрші. Өте тату, адал отбасы. Зағира менде жұмыс жасап жүргеніне бір жарым жыл болды. Өте пысық, ақылды, адал қыз,--деді қабағын түсіріп.

— Ал Бағила ондай емес. Бағила қатыгез, қатал, еріншек, тез өкпелегіш... –деді.

— Бағила?.... Ол әпкесі ғой....

— Иә, егізі, –деп тартпасынан бірдеңе ақтарып кетті. Фото сурет шығарып, маған ұсынды. Бір топ қыздар тұр. Зағираны таныдым. Егізі дегенге мүмкін Бағила болар деп, бастығына саусағыммен көрсетіп:

— Мынау Бағила ма?-дедім.

— Жоқ, ол Зағира, Бағила артында тұр. –деді.

Артында қысқа шашты қыз... Иә, бет- әлпетімен Зағираға келеді.

—Бағиланың шашы қысқа ма?–дедім ішім алай-дүлей болып.

Сұрақтардың "міне жауабы" деп жүрегім де соғып кетті.

—Иә, қысқа шашты,–деп апай келте екенін қолымен мойнын көрсетті.

— Ол шығып кетті жұмыстан иә?

— Иәәә... --деді ойлы көзбен,— Екі күн болды. Тап сол күні мына жағдай болатын кезде хабарласып ауылға кеткенін айтты.

—Дәл сол күні ме?

— Иә, сағат екі-үштерде меее? Жоқ одан ерте... Өйткені Зағира маған әлі қоңырау шалмаған болатын.–дейді нақтылап. Мен орнымнан атып тұрдым. Ойымды бірден ұққан Ораз телефонына жармасып сыртқа жүгірді.

—Сізге көп рахмет! Сіз Зағираны құтқардыңыз! –дедім сенімді дауыспен.

— Бағиланың мекен- жайын жазып бересіз бе? –деп күтіп тұрмын.

Тез жазып қолыма ұстатты.

— Хабарласамын әлі сізге...

—Жақсы, жақсы! -деп қалды.

Иә, тағы бірнеше тәулік өткізіп Бағиланы әкелді. Сол тергеу изоляторынна бардым. Бағила кіріп келеді. Бетінде қан жоқ. Сұп- сұр қыз. Бет-әлпеті Зағираға келгенімен, мүлдем басқа адам. Тесіліп қарағаны өңменіңді тесіп жіберердей, қозғалысы да жылдам, орындыққа шалқая отырып, аяғын да жинамады.

— Зағираны босат! –дейді бұйырған дауыспен.

— Босатамыз, сен кінәңді мойындасаң. –дедім бетіне қарап.

Екі қолымен столды шақ еткізіп ұрды да:

— Әкелдіңдер ғой, енді мойындататын шығарсыңдар.–деп жымиды.

Сондай суық жымиыс... Көзі күлмейді. Бетінде Зағиранікіндей шұңқыры жоқ.

— Мені онымен жеке кездестір. Сосын онсыз да мойындаймын.-деп қайтадан шалқайып отырды.

Тез Зағираны алдырттым. Ол кіріп келіп, әпкесін көріп бассалып, құшақтап, жылады. Бағила маған қарап, қабағын көтеріп есікті көрсетті. Мен шығып кеттім. Екеуі 40-минуттай сөйлесті. Есікті қаққан соң аштық. Ішке кірдім. Есіктің алдында Бағила тұр екен, Зағира орындықта отыр. Әбден жылаған. Біз топырлап үш адам кіріп тұрмыз.

— МЕН... МЕН ӨЛТІРДІМ!!... –деп Зағира айқай салды.

Мен шошып:

— Неее? –деппін ашуға мініп. "Мына жынды әпкесі үйретіп қойды ма",- деген оймен.

— ЗАҒИРА, АУЗЫҢДЫ ЖАП! –деп Бағила айқайлағанда ол ойымнан тайдым.

—ЖАП АУЗЫҢДЫ, ЖАП! –дейді қасына жетіп барып.

— Шын айтам тергеуші мырза. Мен өлтірдім, мен... Әкеліңіз қағазыңызды, қолымды қоямын.--деп маған қарай жүрді.

Бағила екі иығынан ұстап сілкіп- сілкіп жіберіп.

— ЕСІҢДІ ЖИ! ЖИ ДЕЙМІН МЕН САҒАН!-- дейді Бағила қатты дауыспен.

— Қайта сен есіңді жи! –деп Зағира әпкесін құшақтап құлағына, --- Баги, сенің көрген азабың аз ба? -деді сыбырлаған дауыспен .

— Тергеуші мырза, ол мен, мен өлтірдім!Құтылам деп ойлап едім, болмай қалды. Тергеуші мырза, мен ол мен.–деп Загира орындыққа отыра салып қағазға жаза бастады.

Бәріміз аң-таң тұрмыз. Бағила жанына барды да, шапалақпен салып кеп жіберді. Зағира бетін ұстап отырып қалды.

—Алып кетіңдер! –дедім.

Зағираны тұрғызып алып кетті. Бағила дірілдеп орындыққа отыра қалды. Мен де жайғастым.

Бағила шалқайып біраз отырды да:

— Мен кегімді қайтардым, КЕГІМДІ! – дейді тістеніп.

Аузынан түкірігі шашырап, көздері қанталап кеткен, орнынан тұрып, маған төніп тұр.

Мен:

— ТЫНЫШТАЛ! Отыр да бәрін рет - ретімен айт.–дедім қаталданып.

Ол сәл басылып, басын әрі- бері жұлқылап, шашын үйкеледі. Сол кезде байқадым, сол жақ шекесінің үстіндегі шашының арасы үлкен түйменің көлеміндей жерде жара ма, тықыр. Дәл өзі. Анау мәйіттің алақанында осы жердегі шаш екенін түсіндім.

— Мен Алматыға 18-ге тола салып жұмыс іздеп келдім. Ауылдастарым осы жақтан пұл тауып, ата -анасына жіберіп жүргенде, "менің қай жерім кем" дедім, –деп тіктеніп отырды да су сұрады, құйып бердім. Стақандағы суды бір -ақ сіміріп алып:

—АҢҚАУ ЕДІМ... Не көрдім мен ол кезде? Вокзалдан аңқиып таныстардың берген мекен-жайын сұрайтын адам таппай бір күн сандалдым. Не тіл білмеймін, не қаланы білмеймін. Бір жас жігіт жақындап келді қасыма:

– Қайда барасың? –дегенде қағазды көрсетіп едім.

— Білемін, жүр апарайын! –деп кете берді. Мен де артынан ере беріппін. Көлігіне отырғызып алып жүйтки жөнелді. Бір жерге келгенде.

— Мен қазір! –деп жүгіріп кетіп қалды. Артқы қалтасына бірдеңе салған екен, онысы жерге түсті. Есікті ашып түскен затты көтеріп оқыдым. Жүргізуші куәлігі екен аты -жөні жазылған. Жігіт қайта шықты үйден.

Сыртта тұрған мені көріп:

— Жүр, жүр. Осы жер екен.Сені күтіп отыр. –деді қолымнан тартып.

Мен күәлігін ұсынсам, қараған да жоқ. Дедектетіп сүйреп үйге ертіп кірді, куәлігін қалтама сала салдым. Үйдің іші көк түтін, орта жастағы әйел мені қарсы алып, орысшалап бірдеңе айтып, мені шыр айналдырып қарады да, ішке кіруімді өтінді. Мен ертіп келген жігітке қарасам, күліп басын изеп, іш жақты меңзеді. Мен табалдырықты аттап артыма қарасам келіншек жігітке бірдеңе ұстатты да, ол жылдам қалтасына сүңгітіп жіберіп, ары қарай жүгіріп кетіп қалды. Мен қалтамдағы куәлікті қайта шығарып есіктен шыға беріп едім, әйел итере кірді де есікті жапты. Мен күәлікті қайта қалтама салдым. Келіншек иығымнан ұстаған күйі бір бөлмеге әкелді, кірдік. Төсектен басқа ештеңе жоқ. Есім шығып есікке ұмтылдым... Бірақ, тым кеш... Есік сыртынан жабылды. Қолымнан ұстаған еңгезердей еркекті көрдім....--деп Бағила тоқтап бір нүктеге телміріп отыр.

Бет аузы жыбырлап, көзінен аққан жастар тоқтар емес. Мен су бердім, бір-екі рет жұтып алды да, маған қарап:

—Түсінген боларсыз маған не болғанын. Жылағаныма, жалынғаныма қараған ешкім жоқ... Төрт ай... Бақандай төрт ай зорландым... Қандай құдай айдап келгенін білмеймін, әйтеуір аяқ астынан, мені ұстап отырған үйге қап -қара киінген біреулер, беттері тұмшаланып, топырлап бәрін ұстап, бізді де алып кетті. Алдымен қамады, сосын қорлық көріп жүргенімді білді. Өзбек азаматшасы болғандықтан, аздап емдеп, сот болған соң еліме жіберді. Сол кездегі жүргізуші куәлігін қолымнан түспеді. Күндіз -түні ойлаумен болдым... Кектендім... "Қайткенде де ол жазасын алуы керек" деп жоспар құрдым....

3-бөлімнің соңы. Жалғасы бар.

Авторлық құқығым қорғалған, руқсатсыз ютупқа аудио кітап оқымаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

Тергеушінің махаббаты. 1-бөлім

Тергеушінің махаббаты. 2-бөлім

Loading...