Қазақстандық ауыр атлет 1,5 жылдан кейін Олимпиададағы жүлдесін алды

Риода өткен жазғы олимпиаданың қола жүлдегері Денис Ұланов 1,5 жылға созылған сот процесінен кейін өз жүлдесін алды

Stan.kz

Қазақстандық ауыр атлет 1,5 жылдан кейін Олимпиададағы жүлдесін алды деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Денис Ұланов 2016 жылығы Олимпиада ойындарында 4-орын алған еді. Алайда 3-орын алған румыниялық Габриэл Сынкрэяннің допинг тұтынғаны анықталған соң, қола медаль отандасымызға берілген еді. 

Спортшы қола жүлдесі үшін сыйақы алу мақсатында спорт министрлігіне жүгінген, бірақ "төлемді қайта қарауға негіз жоқ" деген жауап алыпты. Дегенмен ұзаққа созылған сот процесінен кейін сыйақыны алған.

"Бұл жағдайдың шешіліп, ауыр атлеттің өз сыйақысын алғанына қуаныштымын. Дәл осындай жағдайға тап болған Ольга Рыпакова, Дәулет Шабанбай мен Нұрбақыт Теңізбаев секілді спортшылар да сыйақысын алады деп үміттенемін", – деді Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев. 

Loading...