Депутат Тұрлыханов бағдарлама кезінде көз жасына ерік берді

Видеоға адвокат Анна Чернова пікір қалдырған.

Бейнежазбадан үзінді

Депутат Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергенмен болған сұхбатында көзіне жас алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода журналистің депутатқа сұрағынан кейін Тұрлыхановтың көз жасын тыя алмай жатқаны байқауға болады.

Дина Төлепберген жүктеген видеоға адвокат Анна Чернова пікір қалдырған.

Мен жылайтын ештеңе жоқ деп ойлаймын. Сіздің балаларыңыз тірі, аман-сау. Бұл жерде біздің аналарымыз балаларының өлтірілмегеніне, денсаулығына зиян тигізгеніне көз жасын төгуі керек, бірақ Құдайға шүкір, олар тірі, - деп жазды ол.

 

Loading...