Тергеушінің махаббаты. 1-бөлім

Болған оқиға. Тергеушінің махаббаты

Ашық дереккөзден

Осы мамандықты оқып жүргенімде, жақындарым неше мәрте:

--- Адам тағдырын шешесіңдер! Оңай емес, ойлан! --деп ескертіп еді.

--- Шешетін несі бар? Нақты дәлел тапсақ болды емес пе? --деп талай өз - өзіме сұрақ қойдым. Расымен "ә" деп бастағаным сол-ақ екен, азаптап өлтірілген қызды зерттедім. Титтей де қателік жасамай, әр түйір тасқа дейін, із, шөп, бұтақ, бәрін қарап, сол ұсақ түйектердің өзі біршама сыр жасырып қалатынын ұққан болатынмын. "Кінәлі" деп ұсталған жас жігітті ақтап шығып, нағыз қанішердің кінәсін дәлелдегенімде бүкіл ұжым құттықтап:

---Неткен шеберлік! Сен нағыз Шерлок Холмссың! Жарайсың! -- деп қол шапалақтаған еді.

Талай сұмдық оқиғаларды шешіп, талай жауыздарды қаматып, оншақты жылды артқа тастадым. Отбасын құруға аса көңіл бөлмей, тіпті "Не керегі бар?"- деп жұмысыма беріліп жүре бердім. Тергеуші (следователь) оңған мамандық емес. Бірақ мен осы мамандық үшін жаратылғанымды сезетінмін. Жұмыста беделім де бар, жағдайым жақсы.

--- Ереке, тағы да адам өлімі, -деп есіктен басын ғана көрсетіп, қызметтес Талмас айтты да, есікті жапты. Тез киініп жүгіріп шықтым. Көлікке отыра салып ұйтқып отырып жеттік.

Ауласы кең, бау-ақшасы бар үлкен үй екен. Қақпадан кіріп жан- жаққа көз салып келемін. Бәрі ұқыпты, бау- бақша, жайқалған гүлдер, шыршалар өсіп тұр. Кіре беріс есік айқара ашық.

Учаскелік жігіт шығып:

--- Бері жүріңіздер, мында.-- деп бөлмелердің біріне ертіп келді. Шашылған түк жоқ бірақ, бөлменің барлық жерінде қан шашқандай, қызыл-ала. Бөлме іші кең екен, жап-жарық, тап- таза жиналған, ортада әдемі кілем жаюлы. Сол жақта төсек қабырғаға тақалып тұр. Үстіндегі жапқыш қан болғаны болмаса, әдемілеп жинап қойған күйінде. Оң жақта киім шифонерінің есігі ашық. Қасында терезе жақта биік стол орындығымен, үсті ұқыпты, бәрі орын орнында, тек қан шашыраған.

Шифонерге жақындап учасковый:

--- Міне... -деп шошыған түрімен саусағын шошайтып, шифонердің ішін көрсетті. Жақындап келіп қарадым. Неге барлық жер қан екені енді түсінікті болды. Тамағынан осылып бауыздалған екен. Күре тамырдан атқылаған қан жан-жаққа шашыраған екен. Адам шифонерде екі бүктетіліп отыр. Аузы ашық, көзі бақырайған, жас шамасы 29-30 аралығындағы ер адам екен. Жан -жағын суретке түсіріп, жігіттер жұмыстарына кірісіп кетті. Мен өз жұмысыма кірістім. Мәйітті шифонерден шығартқызып, ұсақ түйек әр нәрсеге назарымды аударып, өзімнің қызметімдегі жігіттер айтатындай "тіміскілеуімді" бастап кеттім.

--- Ереке, ана жерде қыз бала отыр. --деді учаскелік жігіт.

Келесі бөлмеге бардым. Ас бөлмесі екен, қыз терезенің алдында екі қолын қысып ұстап, дір - дір етіп тұр. Бойы шамамен 175-176 болатын арықша келген ұзын бұрымды, бақырайған үлкен көзді, кең маңдайлы, сәл пұшықтау мұрны, қалыңдау ерні бар, өзбек қызына келетін бір қыз тұр. Ас бөлменің сол жақ бір қабырғаны тұтасымен алып тұрған кухонный аппақ гарнитур, ортасында газ плитасы, оң жақта бұрышта тоңазытқыш, қасында биік ас стөл орындықтарымен. Тап -тұйнақтай, артық ештеңе жоқ. Қызға жақындап едім, дірілдеп бетін басты. Қолындағы қан бетіне жағылды. Ішім бүлк ете қалды. "Сен бе?" - дедім іштей. Учасковый оған:

--- Отыр, кел отыр! --деді. Қыз басын шайқап қозғалмады.

--- Колын жуса бола ма?--деп маған қарады учасковый.

--- Фотоға түсірсін, криминалист қолдарын түсіріп алсын! Сосын жуады! --дедім.

--- Бұл қыз тауып алыпты! -- деді.

--- Ммм..., Қазір сөйлесемін! -- дедім.

Сол аралықта криминалист кіріп қыздың қолындағы қанды өз құралымен сүртіп алып, шақылдатып суретке түсірді. Қыз қозғалмаған күйі дір- дір етіп тұрды да, қолына қарап талып қалды. Қыз есін жиғанша басқа заттарға көңіл бөліп, біршама ой салар нәрселер тапқандай болдым. Бәрін қағазға түртіп, фотоға түсіріп алуын өтініп, тіміскілей бердім. Мәйітке жақындап отырып оны да зерттей бастадым. Бір қолымен тамағын ұстаған күйі, екінші қолы сәл алға созылған. Алақанында бірдеңе бар. Түртіп ашып көрдім. Алақанында шаш. Жұлынған шаш. Тексеруге зерттеуге алғыздырдым. Шифонерге тыққанда бір киім де құламапты. Ал ер адам өте денелі, екі бүктеп шифонерге салған адам көтере алмаса, алдымен киімдерді шығарып өлікті тығып, қайта ілген. Болмаса отырғызарда сырғытқан. Ілулі тұрған көйлек, күртеше, пальто, жейделерді ары -бері итеріп көрдім. Нығыз тұр. Сырғымайды. Біреуін алып қарадым. Қанға былғанған.

--- Түсінікті... Өлтірген адам жасырмақ болған! --деп бес -алты киімді шығарып фотоға түсіруін өтіндім. Бәрінің бір жағы аздап қан тиген жерге тастап қайта көтерген. Ілгіштің ұстайтын жерінен қол іздерін түсіріп алуларын өтіндім. Енді мәйітке жақын келіп жарақат қалай салынғанын зерттедім.

--- Иә, кеңірдек терең осылған. Қаруды жұмсаған адам күре тамырды үзетінін нақты білген. Терең батырылып кесілген.-- дедім. Бойын өлшесек 168 екен.

---Тамақты осу үшін, не құшақтап тұрып, солдан оңға қарай батырып осу керек, болмаса өзінен ұзындау адам аса қатты жылдамдықпен, тез қимылмен өте-өте кәсіби жасау керек. Дәл кесу керек...

--- Қыз есін жиды,-- деді дәрігер.

Бөлмеге кірсем орындықта отыр екен, қолында стақан, дірілі әлі басылмаған.

--- Сізді сөйлесе алады деді дәрігер. --деп қасына Талмас жақындады. Ол да мен сияқты тергеуші. Қыз басын изеді. Талмас маған қарап "баста" деген белгі берді. Мен өз куәлігімді көрсетіп:

--- Я, майор Ерлан Избасаров.--деп орындық алып қасына отырдым,-- Можно вашы документы? --деп орысша сөйлеп едім.

--- Мен орысша сөйлей алмаймын. --деп Талмасқа қарады. Қазақшасы да бір түрлі естілді.

--- Жақсы, мен қазақша сөйлеймін онда. --дедім. Маған қарап басын изеді.

--- Құжатыңыз бар ма? --дедім. Қыз басын изеп қол сөмкесіне жабысты. Жеке куәлігін беріп, сөмкесін қайта ақтарып тағы бір парақты ұсынып тұрып:

--- Мен үй жинауға келген едім, --деді даусы дірілдеп.

Куәлігін оқыдым Зағира Құрмашова, Өзбекстан азаматшасы екен. Берген қағазына қарадым. "Тазалық- денсаулық кепілі" деген ұжымның жарнамасы.

--- Мен осы жерде жұмыс істеймін. Құжаттарымның бәрі дұрыс, тіркелгем... --дегенде ықылық тигендей болды.

Су ішті. Мен брошюрды Талмасқа беріп.

---Тексеріңдер.--дедім.

Ол ала салып шығып кетті. Зағираға қайта қарадым.

--- Зағира, сіз асықпай, бәрін дұрыстап түсіндіріңіз. --дедім бетіне мейіріммен қарап,

--- Қорықпаңыз, мақұл ма?-десем.

--- Мақұл, мақұл, палидцей ака! -- деді көзін бақырайтып басын изеп.

--- Бастаңыз.-- дедім де, записті басып телефонымды үстелдің үстіне қойдым.

--- Мен... Мен жұмыс жасауға келдім.. Сағат бірде келем... Екі күнде бір рет, үйді жинаймын, тазалаймын... Міне, клтім бар, ака.... -деп қалтасынан кілітті көрсетті.

Кілті қолынан алып, қайтып келген Талмасқа бердім, тексеру керек. Зағираға қарап басымды изедім, "айта бер" деген нышанмен.

--- Б -б - бүгін келсем, есікті ашайын деп к-к- клтімді шығарып енді тесікке са -сааа- алайын дегем, есік ашылып кетті... -- дейді өксігін баса алмай дірілдеп.

Мен стақандағы суды ұсындым. Аздап жұтты да.

--- Кік-к-кірдім, ешкім жоқ... қожайын, қожайын деп шақырдым, ешкім шықпады, жан- жағыма қарадым ешкім көрінбейді. Бөлме бөлмелерді қарай бастадым.Тез- тез.. Ә- ә- әне, а -а-анаааууу шкафтың ішінде... Қан көөөп... Шалынып құлап қалып, қолым қан болды... --деп қолына қарап дірілдеп отыр.

--- Полицияны кім шақырды? -- дедім.

--- Мен алдымен жұмысымдағы бастыққа қоңырау шалдым. Ол айтты, "шақыр, ештемеге тиіспей отыр" деп... --деді де тағы су ішті.

--- Сіз кіргенде не байқадыңыз?

--- Байқамадым...

--- Ойланыңызшы, шашылған бірдеңе болды ма?

--- Жооқ бәрі осылай... Тек бөлмеде көп қан, шкафта біреу жатыр.

--- Ол қожайыныңыз емес пе? -- деймін таңдана.

Қыз ойланып қалды. Басын шайқап иығын көтеріп.

--- Мен жүзін көрмедім... --деп тағы басын шайқады.

--- Қазір қараңызшы, ол қожайын ба, басқа ма? --деп тұруын өтініп, мәйіт жатқан бөлмеге келдік.

Мәйіт аса суып қата қоймаған, бағанағы екі бүктелгенін жазып, қол аяғын созып, жігіттер өз жұмыстарын жасап жатыр екен. Ақ жейде, классикалық шалбар, жейденің түймелері ағытулы, ақ майкасы көрініп тұр. Белінде белдік, жейдесі ышқырынан шықпаған. Өте ажарлы азияттық жігіт екен.

Зағира:

--- Қожайыыыын...-деп бақырып жіберді. Талмас ас бөлмеге Зағираны ертіп кетті.

Мен сұмдық болған жерді тағы бір зерттеп, криминалист кісіге қарап:

--- Неге барлық жер қан? -- дедім.Өз ойымды анықтау үшін.

--- Бауыздалған екенін көріп тұрсың. Менің ойымша түрегеп тұрғанда күре тамыр үзілген күтпеген жерден, шорт үзілгенде осылай атылады. --деп криминалис ойланып отыр.

---Алып кетсек бола ма?-деді тағы маған қарап.

Басымды изеп сол кездегі оқиғаны елестетіп тұрмын, 168 менің бойыммен бірдей. Қанның көп шашырағаны терезе жақтағы стөлдің үсті, былай тұрған сияқты, деп еңкейіп кілемнің үстіне мұқият қарадым. Кілемде бар салмақпен басылып, жаншылған өкше ізі. Фотографты шақырдым, ол бірнеше рет түсірді. Үстін басып көрдім. Оңынан бассаң, шифонердің айнасына қарауға болады. Қатты мыжып бар салмағыммен бұрылдым. "Иә, осылай" деп суретті көз алдыма елестеттім. "Ал бауыздаған адам ше?"-деп кілемге тағы тесілдім. Үш төрт шаш талшығын тауып, целофанға салдым.

Менің ойымша шифонер алдында шешіне бастаған адамды күтпеген жерде, тамағынан осқан. Ол тік тұрып бір аяғына салмақ түсіріп айналып құлаған. Неге екінші қолымен қоса ұстамаған тамағын. Ол құлап бара жатып сол адамның шашын жұлған. Міне, мына жерге құлаған. Көп қан осы жерде үстін басқан біреу сырғанап барып жағылған. Алдындағы қан да үйкелген. Ас бөлмеге бардым Зағираға аяғын көрсетуін өтіндім.

Ол аяғын көтеріп қарады, иә, өкшесі қан.

--- Мен білмеймін.... Оны ана бөлмеден басқан болармын.-деді шошып. Шұлығын шешіп беруін өтіндім.

--- Менімен жүріңізші! -- деп қайта сол бөлмеге ертіп бардым. Айнаның алдына барып қыздың артыма тұруын өтіндім, ол тұрды. "Бойы келеді. Менен ұзын болып тұр. Не де болса осындай бойлы адам болу керек. Сәл аласа болса мойынға асылып тұрып бауыздамайды"деген ой келді.

Зағираны бөлімшеге шақырғанда келуін өтіндім, Талмас қыздың тұратын орнын, жұмыс орнын көріп, бұл қыз туралы ақпарат жинап оралатынын айтып ертіп кетті. Тағы біраз жүріп арт жақтан шығатын есікті көрдім. Түртсем ашық....

1-бөлімнің соңы, жалғасы бар.

Авторлық құқығым қорғалған, руқсатсыз ютупқа аудио кітап оқымаңыздар

ЖЕҢІСГҮЛ ТУРСУНБАЕВА
"Өмірден алынған әңгімелер..." тобынан

Loading...